|
Ғалымдар: ғаламдық жылыну адам өмірі үшін қауіпті (видeо)
|
Ғаламдық жылыну көлдердегі ауа температурасының көтерілуіне әкелуде. Бұл туралы НАСА мен АҚШ-тың Ұлттық-ғылыми қор ғалымдары мәлімдеді. Олар ғаламшардағы көлдерді арнайы зерттеп, нәтижесінде осындай қорытындыға келген. Мұндай құбылыс адам өмірі үшін қауіпті болмақ. Ғалымдар зерттеуді 25 жыл бойы 235 көлде жүргізген. Мамандар «ауаға таралатын газдардың көлемін қысқарту арқылы ғана қоршаған ортаны таза сақтауға болады», - дейді. Саймон Хук, НАСА өкілі: - Алдағы 100 жылға арналған болжам бойынша, балдырлар саны 20%-ға артпақ. Олар көлдерде жазда жиі пайда болады. Балдырларда адам үшін қауіп төндіретін улы заттар бар. Бұл суға шомылуға, оны ішуге болмайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Мәйітті көп қабатты тұрғын үйде жерлеуге тыйым салынды