Ғалымдар фотосинтез жылдамдығын арттыру арқылы астықтың түсімін ұлғайтпақ
Ғалымдар фотосинтез жылдамдығын арттыру арқылы астықтың түсімін ұлғайтпақ
4 жыл бұрын 4999 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралиялық ғалымдардың тың зерттеуі ауыл шаруашылығында төңкеріс жасауға бастайды. Дәлірегі, астықтың түсімділігін арттырып, мол өнім алуға мүмкіндік бермек. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада өсімдік фотосинтезінің жылдамдығын арттыру әдісі турасында сөз болып отыр. Бұл бағытта арнайы ізденген ғалымдар бар назарын фотосинтез процесін айқындайтын табиғаттағы ең маңызды ферменттердің бірі болып табылатын Рубиско (Рибулозобисфосфаткарбоксилаза) ферментіне аударған болатын. Аталмыш фермент, ғалымдардың түсіндіруінше, көміртекті тіркеудің (фиксациялаудың) алғашқы кезеңінде маңызды рөл атқарып, көмірқышқыл газын қантқа айналдырады. Өзге ферменттер секундына мыңдаған молекуланы өңдесе, Рубиско секундына екі-бес циклін ғана орындай алады. Сол себепті, ғалымдар айтқандай, ол тиімсіз катализатор ретінде алға шығады. Десе де осы фермент қана фотосинтезді жақсарта алады. Өсімдіктегі рубиско 16 ақуыздан тұрады. Ғалымдар осы уақытқа дейін олардың әрбіреуімен жеке, яғни, біріншісінен кейін ғана екіншісімен жұмыс істей алған еді. Ендігі жерде мұндай шектеу жойылғандықтан ферменттің барлық компоненттерімен бірге бір мезгілде жұмыс істей алатын болды. Осылайша ферменттің белсенділігін арттыруға қол жеткізбек. Ал бұл жайт өз кезегінде өсімдіктен мол өнім алуға мүмкіндік бермек. Осынау зерттеуге атсалысқан авторлардың бірі Спенсер Уитни осы жаңалық, бейнелеп айтқанда, адамзаттың арқылы млрд-таған жылды артқа тастауына мүмкіндік алған.

0 пікір
Мұрағат