Ғалымдар эволюцияның тағы бір өтірігін әшкереледі
Ғалымдар эволюцияның тағы бір өтірігін әшкереледі
6 жыл бұрын 5843 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар адамның сөйлеуіне және тіл үйренуіне жауапты FOXP2 генінің эволюцияға түк қатысы жоқ екенін дәлелдеді. Америкалық ғалымдардың эволюцияның тағы бір жалған тұсын анықтаған зерттеу мақаласы Cell ғылыми мерзімді басылымында жарияланды. Осы уақытқа дейін аталмыш ген осы заманғы адамдарға арғы ата-бабасына қарағанда тілдік артықшылық беріп келген деп саналған еді. FOXP2 өзге гендердің белсенділігін реттеуге жауап беріп, транскрипциялау факторын жадқа айналдырады, ал аталмыш ген мутацияға ұшырайтын болса, адамның сөйлеу қабілетіне теріс әсер етеді. Ғалымдар осы заманғы Human Genome Diversity Panel (HGDP) және 1000 Genomes Project мәліметтер базасынан ақпараттар мен деректерді пайдалана отырып, FOXP2-нің түрлі генетикалық нұсқаларын талдай келе осындай тұжырымға келіп отыр. Эволюцияның аталмыш генге еш қатысы жоқ екеніне көз жеткізген.

0 пікір
Мұрағат