Ғалымдар: Ерлер ұжымында жұмыс істейтін әйел адамдар күйзеліске ұшырайды
|
Индиана университетінің ғалымдары әйел адамдарға ерлер ұжымында жұмыс істеудің қалай әсер ететінін зерттеп көрген екен. Айта кетейік, мұндай зерттеу бірінші рет жүргізіліп отыр. Тәжірибе көрсеткендей, ер-азаматтардың қарасы көп ұжымда жұмыс істейтін әйел адам ұдайы ерлерден қарадай қауіптеніп, өзін жайсыз сезінеді екен. Бұған қоса, ерлер тұрғанда мансап жолындағы өзінің әйел ретінде мүмкіндігіне шек келтіретіні тағы бар. Соңғы тәжірибеге ер-азаматтар қарасы 85 пайыз құрайтын ұжымда жұмыс істейтін әйелдер қатысты. Ғалымдар олардың стресс гормоны ретінде белгілі кортизолының деңгейін қадағалаған. Тексере келгенде ер-азаматтар қарасы көп ұжымда жұмыс істейтін әйелдердің гормонының әдеттегіден тыс көп бөлінетінін, осыған байланысты олардың күйзеліске түсу қаупінің жоғары болатынын анықтаған.