|
Ғалымдар ерекше аллергия түрін анықтады
|
Ғалымдар жаңа аллергияның түрінің оның адамға қандай қауіп төндіретінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы IFLScience ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар PATM деп аталатын ерекше құбылысты анықтады - аллергияның сирек кездесетін түрі, онда реакциялар адамның өзінде емес, оның маңындағы адамдарда пайда болады. Дерт иесі емес, оның зардабын өзгелер тартатын мұндай тосын құбылыс “адамға аллергия” деп аталады. Алларгияның бұл түрі мейлінше аз зерттелген және құпия синдромының түп-төркіні белгісіз. PATM феномені туралы алғаш рет 2000-шы жылдардың соңында интернетте айтылды. Мұндай жұмбақ жайтпен бетпе-бет келгендердің айтуынша, организмінен қоршаған ортаны әбіргеге салатын - реакция тудыратын (жөтел, қышу, түшкіру, терінің бөртуі) қандай да бір затты бөлетінін алға тартқан. Бір қызығы, мұндай феномен туралы ақпарат арнайы медициналық мерзімді басылымдарда емес, 2007 жылы онлайн форумдарда айтылды. Қызық құбылыстың куәсі болғандар бастарынан кешкендерін, байқағандарын тәжірибелерін ортаға салып, өз ойларымен бөліскен еді. Ирен Габашвили есімді биологиялық медицина саласының зерттеушісі PATM феноменіне алғаш назар аударған ғалымдардың бірі болды. 2017-2019 жылдар аралығында жазылған бұл бағыттағы еңбегінде ол мұндай құбылысты ішек микробиомымын ықтимал байланысы барын мәлімдепті. Оның гипотезасы бұл тараптағы зерттеудің одан ары жалғасуына ықпал етті. 2023 жылы Жапония мен Калифорнияда жүргізілген зерттеуде ғалымдар тері арқылы бөлінетін ұшпалы органикалық қоспаның PATM құбылысының ықтимал себебі болуы мүмкін екеніне әлем қауымдастығының назарын аударған еді. Ұшпалы органикалық қоспа - табиғи газ, организм энергия алуы үшін заттарды ыдырату кезінде қалыптасады. Адамдардың көбісінде бұл қоспа тыныс алу арқылы немесе тері арқылы бөлінеді. Токио медицина және стоматология университетінің Кожи Мицубаяши есімді профессоры этанол, метанол және ацетон секілді белгілі газдар адам денсаулығының индикаторы ретінда өлшем бола алатынын мәлімдеді. Зерттеуде теріден бөлінетін 75 түрлі газды талдаудан өткізе келе бояу мен өнеркәсіп ерітінділерінде пайдаланылатын заттың - толуолдың тым жоғары деңгейде бөләнетінін анықтады. Токай жоғарғы оқу орнының Йошики Секине есімді профессоры көптеген адамдардың бауыры толуолды істеп шығаратынын және зәр арқылы сыртқа шығатынын анықтады. Ал PATM феноменінен зардап шегетін науқастарда бұл процесс бұзылған болуы ықтимал: аталмыш қоспа қанда жиналып, тері арқылы сыртқа шығады. Нәтижесінде улы бу қалыптасады. Ал ол өз кезегінде айналадағы адамдардың тыныс алу жолдарын тітіркендіріп, жөтел немесе түшкіру секілді реакция тудырады. Бұл зерттеу PATM феноменнің түп-төркіні биологияда жатқанын анықтап берді. Бір қынжылтатыны, аталмыш ауру медициналық қауымдастығы тарапынан әлі мойындалған емес әрі тиімді емі де әзірленбеген. Медицинада мойындалмағандықтан мқндай феноменнен зардап шегетін науқастарға диагноз қойып, ем-дом тағайындау әзірге мүмкін емес.