Ғалымдар электрсіз жұмыс істейтін “көбелек қанатын” жасады (видео)
Ғалымдар электрсіз жұмыс істейтін “көбелек қанатын” жасады (видео)
13 сағат бұрын 220 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Кескін: Muhammad Bilal Khan et al., Advanced Intelligent Systems

Неміс ғалымдары көбелек қанатына қарап, электрсіз жұмыс істейтін, роботтарға арналған магнитті қанат технологиясын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы advanced.onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дармштадт техникалық университетінің және Гельмгольц Дрезден-Россендорф орталығының инженерлері мигнаитті өріс көмегімен жұмыс істейтін роботталған қанат жасады. Көбелек қанатына бейімделген бұл құрылғы электроникасыз немесе батарейкасыз қимылды дәл орындай алады. Көбелек жәндіктер ішіндегі төзімдісі – мыңдаған шақырым қашықтықты ұшып өте алады. Робот қанаты магнит бөлшектері кіріктірілген икемді пластиктен жасалған. Ол сыртқы магнит өрісінің әсерімен иіле алады әрі табиғи қимылды қайталай алады. Мұндай роботтар әдетте экологиялық мониторингте, іздеу-құтқару операцияларында, тіпті, медицина саласында да қолданылады. Соның ішінде инвазивті хирургияда пайдалануға болады. 

0 пікір
Мұрағат