Ғалымдар діңгекті жасушаларды дыбыстың көмегімен сүйекке айналдырды
Ғалымдар діңгекті жасушаларды дыбыстың көмегімен сүйекке айналдырды
3 жыл бұрын 2216 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Мелбурн королдік технологиялық университетінің ғалымдары жиілігі жоғары дыбыс көмегімен діңгекті жасушаларды сүйекке айналдырды. Бұл жайында islam.kz порталы rmit.edu.au ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тіндерді қалпына келтірудің осынау арзан тәсілі бұл тараптағы емдау шараларын тиімді, шапшаң әрі ауру жанға батпайтын етеді. Биоинженерлер діңгекті жасушаларды май тінінен алды. Содан соң оларды күн сайын он минут бойы бес тәулік қатарынан он мегагерц жиіліктегі дыбыстың әсеріне ұшыратып отырды. Дыбысты ғалымдардың өздері жасаған микрочиппен жұмыс істейді. Нәтижесінже діңгекті жасушалар сүйекке айналды. Өзге жағдайда дәрігерлер діңгекті жасушаларды адам миынан алады – бұл процедура жанға батады. Содан соң күрделі әрі қымбатқа түсетін құрал жасайды. Қысқасы, машақаты көп әрі уақытта көп алады.

Діңгекті жасушалар дыбыстың әсерімен сүйекке айналуда 

0 пікір
Мұрағат