Ғалымдар былғарыны, жіп пен қағазды саңырауқұлақтан жасалған материалмен алмастырудың жолын тапты (видео)
Ғалымдар былғарыны, жіп пен қағазды саңырауқұлақтан жасалған материалмен алмастырудың жолын тапты (видео)
3 жыл бұрын 2428 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар экологиялық таза жасанды тері, қағаз және мақта жасау үшін саңырауқұлақты пайдаланды. Бұл жайында islam.kz портаы acs.digitellinc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саңырауқұлақ шикізатынан теріні жасауға бүінде дүкенде саудаға шығарылған алмастырғыштармен салыстырғанда аз уақыт алады. Материал 100% органикалық екенін айта кету керек. Жалпы тері мен мақта бүгінде тапшы материалдар санатына жатқызылады. Шикізаттың бұл түрлеріне қол жеткізуге бірталай уақыт кетеді, яғни, өндірістік кезеңі ұзаққа созылады. Малдың төлі өсіп-жетілгенше немесе мақтадан дайын өнім алу машақаты көп тірлік. Аталмыш жаңалық авторы Әкрам Замани саңырауқұлақтан алынған материал мақтаны да, синтетикалық талшықты да, жануар терісін де алмастыра алатынын айтады. Мұндай материал алудың бар құпиясы саңырауқұлақ қорегіне байланысты – сөреде тұрып қалған нанды кептіріп, артынан ұсақтап, суға шылап, оған шіріп, иістене бастаған тағамнан табылтын Rhizopus delemar саңырауқұлағын қосты. Саңырауқұлақ нанмен қоректенген кезде оның жасушаларының қабырғасына жиналған хитин мен хитозаннан микроскопиялық табиғи талшықтар бөлінді. Екі күннен соң ғалымдар жаушаларды жинап, одан липидтер мен ақуыздарды және өзге де жанама өнімдерді бөліп алды. Талшықты жасуша қабырғаларынан тұратын желе тәрізді қалдықтан жіп иірілді. Оны тілінген жерді немесе жарақатты тігуге, сондай-ақ, киім тігуде пайдалануға болады. Саңырауқұлақ жасушаларының суспензиясы қағазға немесе былғарыға ұқсас материал алу үшін жайылып кептірілді. Содан соң композитті ағаштан алынған танинмен өңдейді жұмсақ ету үшін, ал сілтімен өңдеу өз кезегінде материалды жыртылмайтын немесе үзілмейтіндей берік етеді.

Ұқсас материал:

«Саңырауқұлақпен әлемді құтқаруға болады» (https://islam.kz/kk/news/alem/sanyrauqulaqpen-alemdi-qutqaruga-bolady-15638/#gsc.tab=0); 

0 пікір
Мұрағат