Ғалымдар антибиотикке қарағанда балдың емдік қасиеті жоғары болатынын анықтады
Ғалымдар антибиотикке қарағанда балдың емдік қасиеті жоғары болатынын анықтады
4 жыл бұрын 4767 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемге әйгілі әрі аса белді Оксфорд университетінің мамандары суық тиген әрі көк жөтелден зардап шеккен науқастарға антибиотиктің орнына табиғи балды емдік мақсатта пайдалануды ұсынып отыр. Бұл жайында ағылшын тілінде хабар тарататын Daily Mail ақпарат көзі мәлім етті. British Medical Journal мерзімді басылымында осы тақырыпта жарияланған мақалада айтылғандай, бал аллергиясы бар адамдардан және бір жасқа толмаған балалардан өзгесіне қауіпсіз әрі кеңінен тараған антибиотиктің баламасы бола алады. Осы мақсатта арнайы зерттеу жүргізген Оксфорд ғалымдары 1761 адам қатысқан 14 зерттеудің нәтижесін сараптап көрген екен – балдың тыныс жолдары ауруларына әсерін зерделеу үшін. Әдетте антибиотик мақсатқа сай емес қолданылады әрі оны қолдану бакетриялардың төзімділігін арттырып, келесі жолы пайдаланғанда шипасы болмайтын қатері барын айта кеткен жөн. Оның үстіне, балдың теріс әсері болмайды. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бал орташа есеппен жөтелді 36 пайызға төмендеткен дәрі-дәрмекке қарағанда. Ал жөтелдің ауырлығын 44 пайызға кеміткен. Бұған қоса, ғалымдар балды қабылдаған науқастың жазылу мерзімі екі күнге қысқарғанына көз жеткізген. Десе де балдың өзін абайлап қолдануға кеңес беріп отыр.

0 пікір
Мұрағат