Ғалымдар алғаш рет адам қанын қалыптастыру процесін жасай алды (видео)
Ғалымдар алғаш рет адам қанын қалыптастыру процесін жасай алды (видео)
8 күн бұрын 769 Материалды көшіріп басқанда Islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қолдан жасалған “гематоид” құрылымы адамның жетілунің табиғи процесін қайталай отырып, шамамен екі аптадан соң  қан істеп шығарады. Бұл жайында islam.kz порталы Cell Reports мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемге әйгілі Кембридж университетінің ғалымдары ұрықтың ерте кезінде болатын процесті имитациялайтын зертханада адамның қан жасушасын алудың әдісін тапты. Жаңа тәсіл, сонымен қатар, лейкемия (ақ қан), секілді қан ауруларын моделдеуге көмектеседі. Бұған қоса, трансплантацияға арналған діңгекті жасушаларды істеп шығарады. Ғалымдар «гематоидтар» деп аталатын үш өлшемді эмбрионға ұқсас құрылымдарды жасау үшін адамның діңгекті  жасушаларын пайдаланған. Өздігінен ұйымдасатын құрылымдар адам дамуының табиғи процесін қайталай отырып, шамамен екі аптадан кейін қан өндіре бастайды. Бұл ретте гематоидтар нақты эмбриондардан ерекшеленеді: онда ұрықтың толыққанды өсуне қажетті кейбір тіндер, сарғыш қап және плацента болмайды. Осы орайда діңгекті жасушалардың немесе гемопоэтикалық жасушалардың эритроциттерден бастап лейкоциттерге дейінгі қан жасушаларының барлық түріне айнала алатынын айта кетпекпіз. Шын мәнінде, ғалымдар қан өндіретін табиғи экожүйенің шағын нұсқасын жасаған: онда жасушалар бір-біріне қолдау көрсетіп, эмбриондағы секілді өз бетінше дамиды. Зертханада жасушалардың өздері гематоидті қалыптастыра алады. Ол үшін бұрынғы тәсіл бойынша ақуыздарды араластырудың қажеті де болмайды. Сегізінше күні гематоид ішінде соғып тұратын жүрек жасушалары түзіледі, ал он үшінші күні алғашқы қан дағы пайда болады. Ғалымдар бұл тарапта қан жасушаларының Т-жасуша секілді иммундық жасушаларды қоса алғанда түрлі жаасушаларға саралана алады. Бұл жаңалық, сондай-ақ, дәрі скрингісі мен қан ауруларының моделі үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Гематоид жасауда пайдаланылатын діңгекті жасушаларды пациент организімінің кез келген жасушасынан алуға болады. Бұл артықшылық персоналды медицина әлеуетін арттырады. Яғни, пациенттің өз қанын өзіне жарату арқылы регенеративті медицина әдісін қолдануға мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, гематоид қан дамуының екінші сатысын да қамтитын болады: иммундық жасушаларды қалыптастырады. Бұл артықшылық қалыпты, яғни, сау қанды да, патологиялық қанды да (дерт шалған қан) зерттеуге мүмкіндік бермек. Ол ол ма, гематоидтар өздігінен үш ұрық қабатына: адам денесінің негізін құрайтын эктодермаға, мезодермаға және энтодермаға айналады. Бұл процесті жатырға эмбрионды имплантациялауға байланысты тікелей байқауға келмейтін эмбрионның шамамен төртінші-бесінші аптасында ағзалар мен қан жүйесінің дамуын зерттеуге мүмкіндік береді. Осы тұста аталмыш зерттеудің барлық этикалық тексеруден (яғни, адамгершілікке сай келетіні) толық сәтті өткенін айта кетпекпіз. Діңгекті жасушаларға негізделген моделдер қатаң реттелетін болады. Ғалымдар бұл зерттеуін Cambridge Enterprise арқылы паттентеп үлгерді - енді медицинада нақты қолдануға болады.

0 пікір
Мұрағат