Ғалымдар адамзаттың Адам ата мен Хауа анадан тарағанына көз жеткізді
Ғалымдар адамзаттың Адам ата мен Хауа анадан тарағанына көз жеткізді
6 жыл бұрын 8439 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың айтуынша, күллі адамзат осыдан шамамен 200 000 жыл бұрын бір жұптан тараған. Былайша айтқанда, адамзаттың Адам ата мен Хауа анадан өрбігеніне енді көз жеткізіп отыр. Ғалымдар мұндай тұжырымға 100 000-нан аса әр түрдің миллиондаған генетикалық (тұқымындағы) «штрих-кодты» зерттеу нәтижесінде келген. Яғни, нақты бір ерлі-зайыптыдан миллиардаған адам тараған. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, Рокфеллер және Базел жоғарғы оқу орындарының ғалымдары Марк Штокл мен Дэвид Талер ұрпақтан ұрпаққа берілетін митохондриальды ДНК-ны зерделегеннен кейін осындай қорытынды шығарып отыр. «Адамзаттың бүгінгі қарасына әрі географиялық орналасу аумағына қарап, генетикалық әр ауландығы көп сияқты көрінеді. Алайда, нақтысында олай емес»,- деді марк Штокл. «Адам эволюциясы» деп аталатын баяндамада айтылған жайттар мен зерттеу нәтижелері осы уақытқа дейін адамзаттың пайда болу туралы теориялардың көбісін жоққы шығарады.

0 пікір
Мұрағат