Ғалымдар адамзатты аштықтан құтқару мәселесін шешуге бір табан жақын қалды
Ғалымдар адамзатты аштықтан құтқару мәселесін шешуге бір табан жақын қалды
1 ай бұрын 1124 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Тасмания университетінің ғалымдары жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызы зор жаңалық ашты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл арада күллі әлемдегі ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің негізі саналатын крахмал өндірісінде маңызды рөл ойнайтын ауксин (өсімдіктің негізгі гормоны) турасында сөз болып отыр. Бұл тарапта ғалымдар күріш, жүгері және бұршақ тұқымдарындағы крахмалдың ауксин синтезін реттеу тетігін егжей-тегжейлі сипаттап берді. Ауксин бірнеше маңызды функцияны атқарады: крахмал синтезіне жауапты гендерді белсендіреді, энергия өндірісін ынталандырады, қанттың тұқымға ауысуына көмектеседі. Нәтижесінде өсімдік крахмалды қалыптастырады. Ал негізгі азыққа жататын күріш дәніндегі крахмал мөлшері 80%-ды құрайтынын айта кетпекпіз. Айталық, сізде отын ретінде қантпен жұмыс істейтін машина бар делік. Егер отынды тар құбыр арлықы берсек, машина баяу жұмыс істейді. Ал құбырды кеңейтетін болсақ, отын көбірек беріліп, машина шапщаң жұмыс істейтін болады. Өсімдіктегі жағдайда да осыған ұқсас: онжағы «құбырды» ауксин кеңейтеді, осылайша өсімдіктің энергияны көбірек жинауына және молынан астық беруіне ықпал етпек. "Бұл кішкентай молекула өсімдіктердің энергияны тиімді сақтауына ықпал етеді. Онсыз тұқым жеткілікті мөлшерде крахмал өндірмейді және жойылады ", - деп түсіндірді бұл бағыттағы зерттеуге атсалысқан ғалымдардың бірі профессорЖон Росс. Осылайша адамзат осынау жаңалығы арқылы болашаққа үлкен қадам жасады. Бұл процестің қыр-сырын білу өз кезегінде азық өсімдіктерінің астығын көбейтіп қоймай, сонымен қатар, қоректік құнарын арттырады.  Аталмыш зерттеу авторларының бірі Ерін Мақадамның айтуынша, бұл горманды реттеу жолы табылса, астық шығымы бірнеше есеге артады. Әсіресе, климат дағдарысы кезінде тиімді жаңалық ретінде алға шығады.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6