Ғалымдар адамның қартаймайтын ағзасын атады
|
Адам организімінде жас қалпын сақтап қалатын жалғыз ағза бар. Ол – бауыр. Неміс ғалымдары адам организімі қартайса да адамның жасына қарамайтын ағзаны анықтады. Дәлірегі, орташа есеппен аталмыш ағза адам жасынан үш жасқа жас келетінін анықтаған. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бауыр жасушаларының қалпына келу процесі адамның қартаю процесіне тәуелді емес. Бауыр жасушаларының қалпына келуі айналып келгенде адам организімінен зиянды заттарды кетіретін ағзаның қалыпты жұмыс істеуі үшін маңызды процесс екенін айта кету керек. Бауыр организмнен улы заттарды шығарған кезде оның жасушалары зақымдалады, алайда, жасушалардың жаңару процесінің арқасында бауыр қалыпты жағдайына қайтып оралады. Бауырдың жас қалпында қалуына осындай процес игі әсерін тигізеді. Яғни, жасушалардың ұдайы жаңаруы арқасында.