Ғалымдар адамды құлағын сканерлеу арқылы тануды үйренді
Ғалымдар адамды құлағын сканерлеу арқылы тануды үйренді
2 жыл бұрын 1202 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қолданыстағы қауіпсіздік жүйелерін, соның ішінде әуежайларда қолданылатын мұндай жүйелерді жақсарту үшін жаңа бағдарламалық құралды пайдалануға болады. Бұл жайында islam.kz порталы Root Nation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. COVID-19 пандемиясы кезінде адамдар маска тағуына байланысты олардың жеке басын растаудың жаңа әдістеріне мұқтажтық пайда болды. Жоржия университетінің таяудағы зерттеуі адамдарды тану үшін бетінің немесе саусақ ізінің орнына құлағын пайдалануға болатынын көрсетті. Құлақ уақыт өте келе өзгермейтін дененің бірнеше бөліктерінің бірінен саналады, сондықтан ол бет-жүзді немесе саусақ іздерін танитын технологияға жақсы балама бола алады. Мәселен, зерттеудің жетекші авторы, Жоржия университетінің инженерлік колледжінің доценті Тиримахос Бурлайдың айтуынша, оның командасы жасап жатқан құлақты тану жүйесі адамды 99%-ға дейінгі дәлдікпен анықтайды. Бұл тараптағы зерттеу материалында құлақтың да саусақ ізі секілді қайталанбайтын ерекшелікке ие екені, тіпті, егіздердің құлақтары да бір-біріне ұқсамайтыны айтылған. Адамның бет-жүзі қартайғанда әжім басып өзгереді. Құлақ қартаймайды (тек сырғалығын есептемегенде). Ғалымдар түсіндіргендей, телефон адамның жеке басының бірнеше үлгісін түсіреді және суреттер құрылғыңызда уақытша сақталады. Саусақ ізін пайдаланғаныңыздай, оны телефон құлпын ашу үшін пайдалануға болатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат