Испан ғалымдары функционалды адам терісін жасап шығаратын 3D-биопринтерлерін ойлап тапты. Бұл құрылғы кең қолданысқа енетін болса, көптеген жануарларға жасалатын тәжірибелердің алдын алып, ғылыми мақсатта тіршілік иелеріне зиян келтіруді тоқтатуға мүмкіндік береді.
Ғалымдар адам терісін жасанды алу жолдарын тапты
|
Бұл жоба Мадрид университеті, Қоршаған орта және энергия орталығы мен Грегорио Мараньон университетінің емханасымен бірлесе жасалып отыр. Биопринтердің көмегімен күйген терінің орнына жабыстыру үшін және касметика мен химикаттарды сынап көру мақсатындағы қолданылатын терілер жасалмақ. Қазіргі күнде аталмыш құрылғылар өндірісте және медецинада да сұранысқа ие.
Құрастырылған биопринтер адам терісін дәл биологиялық нұсқада жасай алады, тіпті, терінің эпидермис, нағыз теріжәне нәруыз бен коллаген шығаратын ішкі - шелді қабаттарын биологиялық қызметін сақтай отырып жасап шығарады. Биологиялық теріні функционалды жағынан толықтай алмастыра алады.
Құрылғының нарықтағы таралымымен айналысатын BioDan серіктестігінің басшысы Альфредо Бризак: "Биопринтер - теріні қолмен өндіруге қарағанда едәуір арзан және автоматты режимде жүзеге асады" - деген болатын.