Ғаламдық жылынудың басты себебі анықталды
Ғаламдық жылынудың басты себебі анықталды
7 жыл бұрын 7073 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осыдан 65 млн жыл бұрын жерге алып астероидтың құлауынан 100 мың жылға созылған ғаламдық жылыну орын алған. Бұл жайында Миссури штатының университетінің ғылыми қызметкерлері мәлім етті. Ғалымдардың айтуынша, осыдан 65 млн жыл бұрын жерге құлаған астероидтың диаметрі 7-14 шақырымды құраған. Ол құлағанда жер бетіндегі ауа температурасы бірден 5 градусқа күр көтерілген. Бұл тұжырымды Тунис аумағындағы тасқа айналған балықтардың қаңқалары мен геологиялық қыртыстағы оттегі изотопқа талдау жасаған сарапшылар алға тартып отыр. Ал Ұлыбритания мен АҚШ палеонтологтары мынадай мәліметті келтіріп отыр: астероид құлаған кезде тек сирағы ұзын құстар ғана аман қалған апаттан. Бұл астероидтан жануарларға қолайлы тіршілік орталар, әсіресе, орман-тоғай түгелдей жойылған.

0 пікір
Мұрағат