Физиология мен медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды
Физиология мен медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды
7 жыл бұрын 4748

Физиология және медицина бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығын профессорлар Джеффри Холл, Майкл Розбаш және Майкл Янг иеленді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

Лауреаттар есімін Стокгольмде Каролин медицина институтының жанындағы Нобель комитеті жариялады.

Нобель сыйлығы организмдегі химиялық, физикалық және психикалық процестердің 24 сағаттық циклын реттейтін молекулалық механизмдерді зерттегені үшін берілген.

Профессорлар «биологиялық сағаттың» құпиясын ашып, механизмнің қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Автономды «ішкі сағат» ұйқыны, гормон деңгейін, температура мен зат алмасу процесін бақылайды. Ғалымдардың зерттеуі биологиялық ырғақтың адам денсаулығы үшін маңызды екенін көрсетті.

Айта кетсек, Нобель лауреаттарының есімі қазан айының басында белгілі болады. Сыйлықты табыстау салтанаты Стокгольм мен Ослода жыл сайын 10 желтоқсанда, швед өнертапқышы, химик Альфред Нобельдің (1833-1896) қайтыс болған күні өтеді.

Биыл әр Нобель сыйлығының сомасы 9 млн швед кронын (1 млн АҚШ доллары) құрап отыр.

0 пікір
Мұрағат