Физиктер тарихта алғаш рет ең қысқа электронды импульс бойынша рекорд орнатты
Физиктер тарихта алғаш рет ең қысқа электронды импульс бойынша рекорд орнатты
2 жыл бұрын 1731 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар ұзақтығы небәрі 53 аттосекунд болатын сигнал жасады - бұл секундтың 53 миллиардтан бір бөлігі. Бұл жайында islam.kz порталы interestingengineering.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Баспасөз мағлұмдамасында айтылғандай, бұл бағыттағы прогресс дәлірек электронды микроскоптарды жасауға көмектеседі және компьютерлік чиптердегі деректерді тасымалдауды тездетеді. Қысқарақ электронды импульстар жоғары деректер жылдамдығын қамтамасыз етеді. Германиядағы Росток университетінің қызметкерлері олардың ұзындығын мүмкіндігінше қысқартуға тырысқан. Кәдімгі тізбектерде электрондардың импульсі зат ішіндегі тербеліс жиілігімен шектеледі. Ғалымдар түсіндіргендей, импульс осы тербеліс циклінің кем дегенде жартысына дейін созылуы керек, өйткені, ол электрондар үшін «итеру күшін» жасайды. Алайда, жарық әлдеқайда жоғары жиілікте тербеледі. Сондықтан ғалымдар электрондардың импульсін іске қосу үшін жарықтың қысқа мезеттік жарқылын пайдаланып көрген екен. Осы әдісті қолдана отырып, 2016 жылы физиктер ұзақтығы небәрі 380 аттосекунд болатын көрінетін жарық жарқылын тудыра алған. Ендігі жолы ғалымдар бұл межемен ғана шектеліп қалмай вольфрам инесінің ұшынан электрондарды вакуумға түсіру үшін лазерді қолданды. Нәтижесінде олар 53 аттосекундқа созылатын электронды импульсті тіркеді. Бұл сутегі атомындағы электронның ядроны айналып өтуіне кететін уақыттан бес есе аз. Электрондардың мұндай қысқа импульсі электронды микроскоптардың жұмысын жақсартып, бөлшектердің қозғалысын нақтырақ түсіруге мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат