Физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды
Физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды
7 жыл бұрын 3833

Физика бойынша 2017 жылғы Нобель сыйлығын америкалық зерттеушілер Кип Торн, Райнер Вайсс және Барри Бэрриш иеленді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап. 

2017 жылғы Нобель сыйлығы гравитациялық толқындарды тапқаны үшін берілген.

Гравитациялық ғарыш толқындарының бар екенін Альберт Эйнштейн осыдан жүз жыл бұрын болжаған еді. Ғалымдар LIGO лазерлік-интерферометриялық гравитациялық-толқынды обсерваторияның негізін қалаған. Бұл эксперименталды түрде гравитациялық толқындарды анықтауға көмектесті.

LIGO детекторы 2002 жылы Торн, Вайсс және Рональд Древер әзірлеген жоба бойынша салынды. Алғашында LIGO уақыт-кеңістіктің «эйнштейндік» тербелісін анықтай алмаған еді, сондықтан детектор істен шығарылды. Оны қайтадан жаңарту үшін ғалымдар төрт жыл уақытын сарп еткен.

Зерттеушілердің еңбегі жемісін берді – 2015 жылдың қыркүйегінде қосылған қара құрдымдардан пайда болған гравитациялық толқындардың дыбысы тіркелді.

Айта кетсек, Нобель лауреаттарының есімі қазан айының басында белгілі болады. Сыйлықты табыстау салтанаты Стокгольм мен Ослода жыл сайын 10 желтоқсанда, швед өнертапқышы, химик Альфред Нобельдің (1833-1896) қайтыс болған күні өтеді.

Биыл әр Нобель сыйлығының сомасы 9 млн швед кронын (1 млн АҚШ доллары) құрап отыр.

0 пікір
Мұрағат