Еуропа халқы қырық жылдан кейін қалай өзгереді?
|
Евурокомиссия кәрі құрлықтағы демографиялық ахуалдың қалай бағыт алатынына қатысты жүргізілген зерттеу нәтижесін жариялады. Туу көрсеткішіндегі өзгеріс, өмір ұзақтығы және көші-қон секілді демографиялық ахуалға тікелей ықпал ететін факторларды қаперге алған сарапшылар алдағы уақытта кәрі құрлықты елеулі өзгерістр күтіп тұрғанын жеткізді. Тұтастай ұзақтығы артып, қартаю процесі қарқынды жүреді. Еуроодақ сарапшыларының пайымдауынша, 2013 жылы 507 млн-ды құраған кәрі құрлықтағы халық саны 2050 жылға қарай 526 млн-ға дейін өсіп, 5%-ға артады. Алайда, осыдан кейін кеми бастайды: 2060 жылы 523 млн адамды құрамақ. Десе де, ЕО-ға мүше елдерде бұл тенденция әр қилы жүреді.
ЕО елдеріндегі халық санының өзгерісі (пайыздық және абсолюттік көрсеткіш бойынша), 2013-2060 жалдар аралығында
Тұтастай алғанда халық саны өскенімен ЕО-ға мүше елдердің жартысында керісінше кемитін болады. Бұған Болгария, Германия, Эстония, Греция, Испания, Хорватия, Литва, Латвия, Венгрия, Польша, Португалия, Румыния, Словения және Словакия елдері жатады. Бұған бірнеше фактор себеп болады.
Солардың ішіндегі ең басты фактор: әлеуметтік-экономикалық деңгейдің құлдырауы, осы факторға байланысты аталған елдерден батыс Еуропаға жұмыс пен жайлы өмір іздеп, қоныс аударатындар қарасы артады.
Ал халық саны көшіп келушілердің сбінен артатын елдерге жататындар: Бельгия, Чехия, Дания, Ирландия, Франция, Италия, Кипр, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Австрия, Финляндия, Швеция және Ұлыбритания.
Люксембургте (+111%), Бельгия – 38%, Швеция – 36%, Кипр – 30%, ал Ұлыбритания – 25%-ға артады халық саны.
Еуропалық статистикалық мәлімет бойынша 2060 жылға қарай кәрі құрлықтағы мемлекеттер ішінде Ұлыбритания халқының саны көп болады – 80 млн адам; одан кейінгі орында Франция – 76 млн; Германия – 71 млн; Италия – 66 млн; Испания – 46 млн.
Жас шамасына қарай құрылымы
Тек халықтың саны ғана емес, сонымен қатар, жас құрылымында да өзгеріс орын алады. 2013 жылы ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 40 жасты, ал әйелдердікі 43-ті құраса, 2060 жылға қарай бұл көрсеткіш ерлер арасында 45-ті, ал әйелдер арасында 47 жасты құрайтын болады. Бұл нені көрсетеді? Бұл Еуропа халықтарының қартаятынын, яғни, жасы ұлғайған адамдардың көбейетінін көрсетеді. Керісінше туу көрсеткіші төмендейтіндіктен жас адамдар саны әлдеқайда кем болады. 0 мен 19 жас аралығындағы жастар саны ЕО-ға мүше елдерде 2060 жылы өзгеріссіз қалады. Ал 20-60 жас аралығындағылардың қарасы айтарлықтай азаяды: 61 пайыздан 12 пайызға дейін кемиді. Есесіне, 65-тен асқандар саны едәуір артады: 18 пайыздан 28 пайызға дейін. Ал 80-нен асқандар 5 пайыздан 12 пайызға дейін артатын көрінеді. Бұл көрсеткіштер өз кезегінде еңбекке жарамсыз жастағылардың көбейіп, жұмыс істейтіндер қатарының сирейтінін көрсетеді. ЕО-да өмір сүру ұзақтығы жоғары болады, бұл тенденция, әсіресе, ерлер арасында қатты байқалады.
Миграция
Өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бері Еуропа елдеріне дамымаған елдерден ағылып келушілердің, қоныс аударушылардың қарасы күрт артты. Тұтастай алғанда, жыл сайын ағылып келетіндер саны үш есеге артуда. 1980 жылдары еуропалық елдерге шамамен 198 мың адам қоныс аударған жыл сайын. Ал 1990-шы жылдары жылына бұл көрсеткіш шамамен 750 мыңға жеткен. 2000-шы жылдары олардың саны артпаса, кеміген емес. 2003 жылы бұл көрсеткіш 1,8 млн адамға жетті. Соңғы 2011-13 жылдары 17 млн адамға дейін жеткен болатын
Миграциялық көрсеткіш, 1961-2060 ж.ж.
Әйтсе де, бұл көрсеткіш Еуропа одағына мүше елдерде әрқалай. Мәселен, Германия, Франция және Ұлыбритания секілді алпауыт мемлекеттерде миграциялық көрсеткіш өте жоғары (қатерлі) деңгейге жеткен. Кейнгі кезде Италия, Испания және Ирландия елдеріне ағылып келушілердің қарасы күрт артып барады. Нақтырақ айтқанда, Италияда бұл көрсеткіш 2060 жылы 15,5 млн адамға жетуі мүмкін, ал Ұлыбритания – 9,2 млн, Германия – 7,0 млн және Испания 6,5 млн.