Ет ақуызы бар арпа өсіріледі
Ет ақуызы бар арпа өсіріледі
3 жыл бұрын 2433 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жылдан жылға адамзат санының көбеюі мен жаһандық жылыну әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Аталмыш қатердің алдын алу үшін ғалымдар жасанды еттен бастап, жасанды сүт алуға дейін түрлі тәжірибелер жүргізіп, қоршаған ортаға мейлінше зиянсыз әрі экономикалық шығыны да төмен азық алудың жолдарын қарастырып жатыр. Таяуда исландық ғалымдар ORF Genetics компаниясымен біріге отырып, синтетикалық ет пен майды жаппай генерациялауға мүмкіндік беретін шикізат базасын құру үшін түсімі жоғары ауыл шаруашылық өнімін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы ВВС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар зертханада жануар етін алмастыра алатын өнімге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін діңгекті жасушаға ие. Алайда оның екі кемшілігі бар: аз мөлшерде ғана өсіре алады әрі оған бірталай уақыт кетеді, мұндай жолмен әлемдік азық-түлік дағдарысын шешу мүмкін емес. Осыны ескерген ғалымдар, дәлірегі, ORF Genetics компаниясында діңгекті жасушаның «қаулап» өсуін ынталандыру үшін қолданылатын «өсу факторы» деп аталатын технологияны қолдана бастаған еді. ORF Genetics мамандары бұл бағытта осы өнім негізінде опа-далап шығарып көрді алдымен. Енді гені түрлендірілген арпаны әзірледі, былайша айтқанда, ГМО арпасын – пісіп, бас жарғанда ақуыздың мол мөлшеріне ие болады. Жиын-теріннен соң одан ақуызды бөліп алып, одан пайдалы биомасса өсіруге болады. Қазіргі уақытта тәжірибе ретінде жылыжайда гені түрлендірілген арпаның 100 000 басы өсірілуде.

0 пікір
Мұрағат