Есту аппараты құлағының мүкісі барлардың алжу қатерін азайтатын болып шықты
Есту аппараты құлағының мүкісі барлардың алжу қатерін азайтатын болып шықты
2 жыл бұрын 1810 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Оның құпиясы да қарапайым болып шыққан – ақпараттың көп бөлігін адам есту арқылы алады. Ал ақпарат миды «жаттықтыратын» құрал іспетті. Бұл жайында islam.kz порталы The Lancet Public Health беделді мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, Қытайдағы Шандун университетінің ғалымдары есту аппаратын пайдалану өз кезегінде құлағы мүкіс жандардың алжу қатерін азайтатынына көз жеткізген, дәлірегі, есту қабілеті жақсы адамдардың деңгейіне дейін деменция қатерін төмендетінін анықтап отыр. Бұл тараптағы зерттеу барысында орташа жасы 56 жасты құрайтын 437 мыңнан аса адамның деректерін сараптап көрген екен. Субъектілердің (тұлғалардыі) шамамен 75 пайызы (325 882 адам) есту қабілетінде ақау болмаған, ал қалған 15 пайызында (111 822 адам) есту қабілетінен ауырлығы әрқалай ауытқу байқалған. Есту қабілеті нашар адамдардың 11,7 пайызы (13 092 адам) есту аппараттарын пайдаланған. Есту қабілеті нашар әрі есту аппаратын пайдаланбайтын пациенттердің есту қабілетінде ақау жоқ адамдармен салыстырғанда алжу қатері 42 пайызға жоғары болып шыққан. Ал есту аппаратын таққандардан мұндай қатер байқалмады.

0 пікір
Мұрағат