Ер адамдарға аса қауіпті жаңа ауру түрі пайда болды
Ер адамдарға аса қауіпті жаңа ауру түрі пайда болды
4 жыл бұрын 13094 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар өздері VEXAS деп атаған, өлімге апаратын ауру түрін анықтады. Халықаралық ғалымдар тобының бұл бағыттағы зерттеу материалы The New England Journal of Medicine мерзімді басылымында жарияланды. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамандар келтірген дерекке қарағанда, өздері тапқан патология генетикалық мутацияға ұшыратып, адам органзмінде тормбның пайда болуына себеп болады. Бұл сырқатқа шалдыққандардың 40 пайызы аман қалмайды. Аталмыш ауру бірнеше қабыну синдромынан тұрады. Осы тұста бұрын дәрігерлердің бұл қабыну синдромдарын бір-біріне байланысы жоқ, деп есептеп келгенін айта кетпекпіз. VEXAS дерті меңдеген науқастың өкпесі мен шеміршек тіні қабынады. VEXAS дерті X-хромосомасындағы UBA1 генін мутациялайды. Қазіргу уақытта мұндай дертке 50 адамның шалдыққаны белгілі болып отыр. Десе де ғалымдар бұл ауруға шалдыққандар қарасы бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

0 пікір
Мұрағат