Ер адамдардың мұсылман әдебіне сай дәрет сындыруының денсаулыққа пайдасы анықталды
Ер адамдардың мұсылман әдебіне сай дәрет сындыруының денсаулыққа пайдасы анықталды
4 жыл бұрын 13467 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әдетте адамдар айналып өтетін тақырыптардың біріне дәретхана тақырыбы жатады. Десе де ұлы сөзде ұят жоқ – адамдар талқылаудан қашатын тақырып бойынша арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар ер адамдардың кіші дәретін мұсылман әдебі бойынша өтеу арқылы кей аурулардың алдын алатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы түрлі дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәрігерлердің айтуынша, тұрып дәрет сындырған адамның бұлшық еттері тартылып, қуықта зәрдің сарқындысы қалып қояды. Бұл жиі қайталанған жағдайда денсаулыққа қатер төндіріп, қабыну процесін тудыруы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде жыныстық түрлі ауруларға жол ашуы ықтимал. Ресейлік уролог Михаил Еникеев тұрып немесе отырып дәрет сындыруға қатысты осындай пікір білдіріп отыр. Ал орыс тілінде шығатын «Экспериментальная и клиническая урология» мерзімді басылымында жарияланған осы тақырыптағы мақалада мынадай қызықты дерек келтірілген: тұрып дәрет сындырған адамға қарағанда отырып дәрет сындырған адам әжетін 3-5 секунд ерте өтеп бітіреді. Бұл айтылғандардын бөлек, Нидерланды ғалымдары қуық жүйесінде түрлі кінәрат бар ерлерге қатысты зерттеу нәтижесінде отырып дәрет сындырудың простатиттің алдын алуға көмектесетінін алға тартып отыр. Яғни, қуық безінің қызметін жақсартатынын көлденең тартты. Швейцариялық әріптестері де отырып дәрет сындырудың простаттың пайда болу қатерін кемітетінін жоққа шығармайды. Оның үстіне, отырып дәрет сындыру тазалық талаптарына да сай келеді.

0 пікір
Мұрағат