Ер адам ойша жарықты қосып, есік ашудың жолын тапты (видео)
Ер адам ойша жарықты қосып, есік ашудың жолын тапты (видео)
2 күн бұрын 621 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

YouTube әлеуметтік желісіндегі Basically Homeless арнасының блогері инновациядық құрылғыны жұртшылық назарына ұсынды – үй заттарын басқаруға мүмкіндік беретін, ойды оқитын дулыға ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Hi-Tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инженер ерекше агрегаттың көмегімен ойша жарықты қосып, есікті аша алады. Телекинез болуды армандаған америкалық ера адам ғажайып гарнитураны жасауға бел буған екен. Оны 3D-принтерінде басып шығарған. Дулығаның «негізі» саналатын OpenBCI 2013 жылы Жоул Мерфи және Конор Руссоманно есімді бағдарламашылар жасаған ашық дереккөзді ми-компьютер интерфейс платформасы ретінде алға шығады. Сондай-ақ, дулыға аккумулятор батареясымен және қажетті шағын бақылаушы құрылғылармен жабдықталған. Бұл дулыға ми импульстерін іріктеп, оларды компьютерге жібере алады - онда деректер өңделіп, ақылды үй командалары (бұйрығы) іске қосылды. Айрықша дулағына пайдалану үшін америкалық инженер ұзақ жаттығуға тура келген. Қажетті қозғалысты тудыру үшін ойын барынша жинақтап, тиісті бұйрықты орындауға шоғырландырады. Осы орайда оймен басқару технологиясы бүгін ғана белгілі болып отырған таңсық тақырып емес: әлемге әйгілі Илон Маск компаниясының Neuralink жобасы туралы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары әлі күнге айтып келеді.

0 пікір
Мұрағат