Энергия өндіретін терезе жасалды
Энергия өндіретін терезе жасалды
5 жыл бұрын 3308 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Австралиялық ғалымдар бір мезгілде терезе әйнегінің әрі күн батареясының қызметін атқаратын құрылғы ойлап тапты. Бұл жайында Science Alert ақпарат көзі хабар таратты. Ғалымдардың айтуынша, бұл технология перовскит минералы мен жаңа органикалық жартылай өткізгіш негізінде жасалған. Ол жарықты өикізе отырып, электр өндіре алады. «Бұл жаңалық әлемдегі зәулім ғимараттардың терезесін белсенді энергия өндіретін генераторға айналдырады. Біздің есебіміз бойынша күн сәулесінен жылу жинайтын мұндай терезенің екі шаршы метрі шамамен осы күнгі стандартты шатырдағы күн панелі өндіретін элек энергиясын өндіреді. Бұлтсыз күні мұндай терезенің әр шаршы метрі 140 ватқа дейін электр энергиясын өндіретін болады»,- деп мәлімдеді Австралиядағы Монаша университетінің осы бағытта зерттеу жүргізген ғалымдар тобының жетекшісі Яцек Ясеняк. Осылай деген ол Австралиядағы шыны өндіретін аса ірі Viridian Glass компаниясымен келіссөз жүргізіп жатқандарын жеткізді. Бұл коммерциялық жоба. Әлемдік нарықта аталмыш технологияның қаншалықты жаппай шығарылатынына байланысты пайда болады.

0 пікір
Мұрағат