Енді топырақсыз-ақ жем-шөп өндіруге болады
Енді топырақсыз-ақ жем-шөп өндіруге болады
7 жыл бұрын 3961

Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін молайтып, сапасын арттыру және мал шаруашылығын дамыту үшін тың ғылыми жетістіктерді игеру қажеттілігі туындайды. Осы ретте, соңғы жылдары ел арасында аты жиі аталып жүрген «гидропоника» әдісін айтуға болады, дейді Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қазагрогрин» кәсіпорны фермерлерді мал азығымен қамтамасыз етудің инновациялық тәсілін ұсынды. Бұл жерде арпа 1 апта ішінде өсіріледі. Гидропонды мал азығының құрамында жануарларға арналған дәрумендер мен пайдалы заттар бар.

2015 жылы кәсіпорын 0,5 және 1, 2 тонналық гидропоникалық қондырғыны өндіріп келсе, биыл жылына 1460 тонна шамасында жем-шөп шығаруға қауқарлы 4 тонналық жаңа қондырғыны іске қосты. Осы уақыт ішінде кәсіпорын өз қондырғыларын облыстағы төрт ірі шаруа қожалыққа орнатқан. Ал бүгінде төрт тонналық жаңа қондырғыны «Атамекен» шаруа қожалығына орнатуда.

Шаруа қожалықтар құны 29 және 72 млн теңге болатын қондырғыға «Оңтүстік» АИО-ның қаржыландыруы арқылы қол жеткізіп отыр. Енді инновациялық тың әдісті орнатамын деген фермерге мемлекет 10 млн теңге көлемінде субсидия бермек.

Жаңа технологияның арқасында жер жыртып, мал азығы аз деп алаңдамайсыз. Еңбек күшін де талап етпейді. Гидропоника әдісі арқылы күніне 2 тонна өнім өндіруге болады. Ал, жылына шамамен 1500 тонна жем-шөп жинауға мүмкіндік бар.

Кәсіпорын директоры Бақытжан Көпбаевтың айтуынша, гидропоника әдісі арқылы дайындалған өнімдер арпа дақылының құнарлығымен пара-пар екен. Жасыл жемді пайдаланған шаруа ветеринарлық ауруларды да біржолата ұмытады,-дейді ол. Осылайша, шаруалар төрт түлігіне қаржы үнемдеп, таза, әрі құнарлы жеммен азықтандыра алады. 

0 пікір
Мұрағат