Электронды тері роботтардың «көретін көзіне» айналуы мүмкін (видео)
Электронды тері роботтардың «көретін көзіне» айналуы мүмкін (видео)
2 жыл бұрын 1400 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер ультракүлгіннен инфрақызылға дейінгі радиацияны анықтай алатын икемді фотодетектор жасап шығарды. Бұл технологияны робот терісін жасау үшін қолдануға болады. Бұл жайында islam.kz порталы Advanced Materials Technology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Глазго университетінің зерттеушілері иілгіш немесе майысқақ пластмасса бетінде кішкентай галлия арсенидінен жартылай өткізгіштерді басып шығару әдісін әзірледі. Бұл фотодетектор өнімділігі жағынан танымал қатты аналогтардан кем түспейді және робототехникада қолдануға болады. Галлия арсениді жоғары өнімді электроникада кеңінен қолданылады. Десе де, мұндай құрылғылар әдетте қатты субстратқа орнатылады. Ғалымдар бұл бағытта ені 15 мкм сым массивтерін пайдаланып, галлия арсениді электроникасын икемді бетке қою үшін бұрын жасалған кремний жартылай өткізгіш орамды басып шығару жүйесін бейімдеген еді. Бұл икемді фотодетектор ультракүлгін диапазоннан спектрдің көрінетін бөлігі арқылы инфрақызылға дейінгі жарықты анықтай алады. Бұл жағдайда құрылғы 1 В төмен кернеуінде жұмыс істей береді. Технология авторлары жүйенің жарыққа өте жылдам жауап беруге қабілетті екенін атап өтті: жарықты өлшеу үшін небәрі 2,5 мс, ал қалпына келтіру үшін 8 мс қажет. Аталған жүйенің сенімділігін тексеру үшін ғалымдар материалды жүз рет бүктеп, бұрап тұратын машинада қатаң сынақтан өткізді. 500 циклдік (кезеңдік) тәжірибе нәтижесінде материал өнімділіктігінен көп танбады, яғни, сапасын айтарлықтай жоғалтпады. Осы зеттеуге атсалысқан Глазго университетінің Джеймс Батта инженерлік мектебінің профессоры Рауиндер Дахияның аайтуынша, болашақта бұл икемді материал роботтарға жаңа мүмкіндіктер дарытады. Мысалы, фотосезімтал ортада өндіріс үшін қолданылатын механикалық қолдар жағдай өзгерген кезде олардың қауіпсіздігінен немесе тиімділігінен қаншалықты ауытөығанын анықтай алады. Инженерлер жаңа фотодетектор сымсыз байланыс үшін және күн жарқырап тұрған шуақты күндерде ультракүлгін сәуленің әсерін бақылау үшін киілетін патч жасауда да пайдалы болуы мүмкін деп санайды.

0 пікір
Мұрағат