Электронды қолғап су астынан затты сезіп, сегізаяқ сeкілді жабыса алады (видео)
Электронды қолғап су астынан затты сезіп, сегізаяқ сeкілді жабыса алады (видео)
2 жыл бұрын 2056 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Virginia Tech  ғалымдары өзін сегізаяқ секілді ұстайтын қолғап жасады. Бұл жайында islam.kz порталы vtx.vt.edu ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сорғыштары бар сегізаяқ тәрізді қолғап пайда болды: ол теңіз жануарының ерекше бұлшықет және жүйке жүйесін қайталап салады (имитациялайды). Virginia Tech зерттеушілері сегізаяқтың мүмкіндіктерін адам қолына икемдеуге тырысты. Мұны істеу үшін олар арнайы қолғап жасады, оның жетегі бар жұмсақ мембраналармен қапталған резеңке сорғыштары бар. Бұл механизмге жеңіл қысым түсірсеңіз, яғни, бассаңыз,  тегіс және қисық беттерге жабыса алады. Жақындаған нысанды тіркейтін көптеген микролидарлы оптикалық датчик арқылы жабысады немесе сорады. Микроконтроллер сенсорларды синтетикалық сорғыштарға олардың әрекетін басқару үшін қосады. Сонымен қатар, жабыстыру процесін конфигурациялауға болады, ол үшін тапсырмаға байланысты сенсорлардың матрицасын өзгерту қажет. Қасық, металл ойыншықтар және гидрогел шарлары сияқты ұсақ заттарды ұстаған кезде қолғап бір сенсорға ғана сүйенеді. Нысандарды анықтау үшін оның параметрлерін өзгертсеңіз, қолғап табақшалар, қораптар және тостағандар сияқты үлкенірек заттарды ала алады. Ғалымдар жаңа қолғаптың құтқарушы сүңгуірлердің, көпірлерді күтіп ұстайтын инженерлердің, тіпті, су астындағы артефактілермен жұмыс істейтін археологтардың жұмысына көмектесетінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат