|
Электронды имплант соқырлықтың емі жоқ түрінен зардап шегетін науқастың көру қабілетін қалпына келтірді
|
Осы уақытқа дейін жас ұлғая келе жабысатын макулодистрофия атты дерттің емі болмаған еді. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат агенттігі мен New England Journal of Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жас ұлғая келе жабысатын кеселден - макулодистрофияның құрғақ түрімен ауыратын пациенттер Prima электрондық импланты орнатылғаннан кейін қара танып, қаріп ажырата алатын халге жеткен екен. Лондон қаласындағы Moorfields Eye Hospital дәрігерлері халықаралық клиникалық зерттеуден кейін осындай жаңалықты хабарлады. адамның Қалыңдығы адам шашының жартысындай болатын имплантты көз торшасының астына кіріктіреді. Ота екі сағаттан аспайды. Бұл бағыттағы тәжірибеге Ұлыбританиядан, Германиядан, Франциядан, Италиядан және Нидерландыдан 38 пациент қатысты. Олардың барлығы жас ұлғая келе жабысатын, кеңінен тараған кеселден – орталық көру қабілетінен айырылып, су қараңғы соқырлықтан зардап шегетін. Тәжірибе нәтижесінде зағиптердің барлығы дерлік көру қабілетіне қайта ие болды. Клиниканың мәліметінше, имплант салдырған пациенттердің 84%-ы оңалтудан кейін әріптерді, сандарды және сөздерді қайта ажырата алған, сондай-ақ, танысын таныған. Бұған дейін бір де бір жасанды көру құрылғысы мұндай жетістік көрсетпеп еді. Жарыққа сезімтал жасушалар (таяқшалар мен томпақшалар) жарықты электрохимиялық сигналдарға айналдырады, олар торкөз нейрондарының басқа түрлеріне беріледі, ал олар өз кезегінде көру ақпаратын өңдеуге жауап беретін ми бөлігіне хабарламаларды жібереді. Ғалымдардың пайымдауынша, торлы қабықтың нейрондары VMD кезінде тірі қалатындықтан, фотондардың әсер ету сипатына сәйкес торлы қабықты электрмен ынталандыратын жарық сезгіш имплантант көру қабілетін қалпына келтіруі мүмкін. Пациенттерге қосымша бейнені өңдейтін және оны инфрақызыл сигнал түрінде чипке жіберетін бейнекамерасы және белдігіндегі жеке шағын компьютері бар AR көзілдірік беріледі.