Электрмен жүретін әуе таксилері тікұшаққа қарағанда дыбысы әлдеқайда төмен (видео)
Электрмен жүретін әуе таксилері тікұшаққа қарағанда дыбысы әлдеқайда төмен (видео)
3 жыл бұрын 1227 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Joby Aviation компаниясы өзі құрастырған eVTOL әуе көлігінің акустикалық сипаттамасын НАСА-ның көмегімен Advanced Air Mobility National Campaign ұлттық науқан аясында бағалап, тексеріп көрді. Бұл жайында islam.kz порталы jobyaviation.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Атамыш компанияның электрмен жүретін әуе көлігі тікұшаққа қарағанда әлдеқайда аз дыбыс шығарады. Осылайша қалалық жердегі шуды одан ары күшейтпеудің амалын қарастырып отыр. Joby Aviation компаниясының әуе көліктерінің бірі S4 прототипі НАСА агенттігінің акустикалық кешенінде сынақтан өтті. Кем дегенде 50 микрофон орнатылған далалық массив түріндегі НАСА-ның мобилді акустикалық кешенінде біз сөз етіп отырған аппарат түрлі жылдамдықта әрі түрлі биіктікте ұшып көрді. Осылайша ұшудың түрлі кезеңіндегі акустикалық сигнатурасының моделі жасалды. Компания бұл сынақтардың нәтижесінен алынған деректерді келтірді: біріншіден, S4 100 тораппен (185 км/сағ) және 500 м биіктікте ұшқанда, шу деңгейі жердегі 45,2 дБА шегінде болады. Бұл децибел кестесінде «тоңазытқыш» және «жаңбыр дыбысы» арасындағы көрсеткіш. Екіншіден, әуе кемесінің жерден көтерілуі және қонуы кезінде тікұшақ алаңынан 100 м қашықтықта өлшенген шу деңгейі 20-дан астам сынақ кезінде әуе кемесі 44 м биіктіктен көтерілген немесе түскен кезде 65 дБА-дан төмен болып қалды. Децибел диаграммалары - бұл «қалыпты әңгіме» мен «шаңсорғыш дыбысы» арасындағы көрсеткішті көрсетті. Нәтижесінде eVTOL Joby тікұшаққа қарағанда әлдеқайда тыныш және кәдуілгі қала дыбыстарының деңгейіне жақынырақ болады.

Joby Aviation 500 м биіктікте 45,2 дБА және көтерілу үшін 100 м биіктікте 65 дБА

0 пікір
Мұрағат