Электр өткізгіш eSoil топырағы өсімдіктердің өсуін 50%-ға арттырады
Электр өткізгіш eSoil топырағы өсімдіктердің өсуін 50%-ға арттырады
12 ай бұрын 696 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өсімдіктерді топырақтың орнына арнайы субстратта өсіретін гидропоникалық фермалардың екі үлкен кемшілігі бар: энергия көп тұтынады және субстратты биологиялық тұрғыдан (яғни, қалыпты ыдырау арқылы) қайта өңдеу мүмкін емес. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Профессор Элени Ставридиудың жетекшілігімен Линкопинг университетінің (Швеция) ғалымдары әзірлеген eSoil кеуекті материал гидропоникалық фермалардың баламасына айналуы мүмкін. Оның негізі - өсімдіктердің өсуін тездететін, тамырларды электрмен ынталандыруға қажетті PEDOT: PSS электр өткізгіш полимерімен араласқан өсімдік тектес целлюлоза наноталшықтары. Осылайша қолдан ынталандыру нәтижесінде eSoil-тегі өсімдіктер тобы өсуді 50%-ға жылдамдатқан, өсу процесі бір мезгілде тамырлар мен өскіндерде  жүрген. Жоғары кернеу қолданылған алдыңғы зерттеулерден айырмашылығы, eSoil топырағы үшін қауіпсіз саналатын төмен кернеулі ток жеткілікті болды. Швед ғалымының айтуынша, электрлік ынталандырудың өсімдіктердің өсуіне әсері анық болғанымен мұның биологиялық тетігі толық ашылған жоқ.

Почва eSoil

Почва eSoil

0 пікір
Мұрағат