Электр энергиясын көмірқышқыл газ негізінде сақтау тәсілі (видео)
Электр энергиясын көмірқышқыл газ негізінде сақтау тәсілі (видео)
3 жыл бұрын 1988 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: depositphotos.com

Тәжірибеге арналған прототипі биыл, дәлірегі, 2022 жылдың алғашқы айларында пайда болып қалады. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Италияның Energy Dome компаниясының мамандары электр энергиясын сақтаудың өзгеше технологиясын ойлап тапты. Бұл орайда электр энергиясын сақтау орны ретінде көмірқшқыл газы пайдаланылады. Хабарға қарағанда, CO2-батареясы тұйық цикл есебінен жұмыс істейді әрі газды энергия желісінде артық электр энергиясы болған кезде қоршаған орта температурасына қарай сұйықтыққа айналдырады. Бұл ретте сығымдау процесінде бөлінетін жылу арнайы күмбездегі жылу сақтайтын ортада сақталады. Сақталған жылу сұйықтықты қайтадан газға айналдырады, ол түтік арқылы қалақтарды  мәжбүрлеп айналдырады, электр энергиясын шығарады, содан кейін қайтадан пайдаланылуы үшін күмбезге оралады. Осылайша электр энергиясын 4 сағаттан 24 сағатқа дейін ысырапсыз пайдалануға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, аталмыш қондырғы кем дегенде 25 жыл бойы 100% тиімділігін сақтайды.

0 пікір
Мұрағат