Екпе жасаудың жаңа технологиясы пайда болды
Екпе жасаудың жаңа технологиясы пайда болды
1 жыл бұрын 1090 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Mufid Majnun / Unsplash

Гриффита институтының (Австралия) ғалымдары екпе жасаудың жаңа технологиясын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы npj Vaccines мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы тәжірибеде ғалымдар Streptococcus A. бактериясына қарсы синтетикалық дәрі әзірледі. Білікті мамандардан тұратын топ Escherichia coli (улы заттары жоқ ішек таяқшасы) жасушаларын биополимерлік бөлшектер қалыптастыратындай етіп қайта бағдарлаған. Содан соң оларды Streptococcus A. бактериясының антигендерімен қаптаған. Кеміргіштерге сынақ кезінде аталған дәрінің тиімділігі мен қауіпсіздігі расталды. Бұған қоса, дәрін жасау процесінің өзі экономикалық жағынан пайдалы, ал алынған синтетикалық екпе қоршаған орта температурасында тұрақтылық танытқан. Бұл жайт өз кезегінде оның қорын жасақтап, ұзақ уақыт сақтауға, шалғай өңірлерге тасымалдауға мүмкіндік береді. Әзірге екпе жасаудың бұл әдісі ерте кезеңінде тұрғанын айта кету керек. Сөз орайы келгенде 2023 жылдың шілде айында Батыс Онтарио университетінің қызметкерлері вирус тудыратын ауруларға (мәселен, тұмауға, короновирусқа және шешекке қарсы) екпе тиімділігін арттыратын молекуланы анықтағанын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат