Екпе енгізілген әрі еритін пластырды басып шығаратын шағын принтер жасалды
Екпе енгізілген әрі еритін пластырды басып шығаратын шағын принтер жасалды
2 жыл бұрын 1160 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. арналған басып шығарылған патчтары және олардың бетіндегі микроинелердің үлкейтілген кескіні бар пішін

Инженерлер ұзақ уақыт сақтауға болатын, сұйық ортада еритін пластырды басып шығаратын шағын принтер әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл құрылғы шалғай аймақтарға екпені жеткізу ісін жеңілдетеді. Массачусет технологиялық институтының ғалымдары шалғай аймақтар мен инфрақұрылымы дамымаған елдердің тұрғындарын вакцинациялаудың оңтайлы шешімін тапты. Инженерлер әзірлеген принтер микроинелері бар вакцина толтырылған патчтарды басып шығара алады. Оларды бөлме температурасында ұзақ уақыт сақтауға болады және қажет болған жағдайда теріге оңай жағуға болады. Әдеттегі инекциялық екпе шығарудың орнына зерттеушілер жүздеген микро инелері бар нобай өлшеміндегі патчтарды басып шығарды. Патч теріге жағылған кезде инелердің ұштары тері астында еріп, дәріні босатады. Зерттеушілер оны басып шығару үшін липидті нанобөлшектерге капсулданған екпе РНҚ молекулаларын қамтитын «сияны» пайдаланады. «Сияның» құрамында оңай пішіндеуге болатын полимерлер де бар. Олар түрлі нұсқаларды сынап көрді және поливинилпирролидон мен поливинил спиртінің тең қатынасының қаттылық пен тұрақтылықтың ең жақсы үйлесімін қамтамасыз ететінін көрсетті. Полимерлер мен нанобөлшектер бөлме температурасында немесе одан жоғары температурада сақталса да апталар мен айлар бойы өз қасиеттерін сақтайды. Дайын сия шағын портативті құрылғыда қолданылады. Принтердің ішінде роботты қол оларды микроинелі қалыптарға енгізеді, ал вакуумдық камера қосылысты полимерлердің ішіне таратады, осылайша екпе (дәрі) ине ұштарына жетеді. Пішіндерді толтырғаннан кейін олар бір-екі күн кебеді. Екпенің көпбісі, соның ішінде коронавирус инфекциясынан қорғау үшін қолданылатын мРНҚ вакциналары төмен температурада, дәлірегі, тоңазытқышта сақталуы керек. Бұл қолайсыздық оларды сақтауды немесе қажетті инфрақұрылымы жоқ аймақтар мен елдерге жіберуді қиындатады. Сонымен қатар, екпені енгізу үшін шприцтер, инелер және арнайы машықтандырылған медицина мамандары қажет. Бұл екпе осы аталғандардың балығының машақатынан құтқарады. Қазіргі прототипті принтер 48 сағат ішінде 100 вакцина партиясын шығара алады.

Принтер мен патчтардың қалай жұмыс істейтінін көрсететін кескін. Aurélien vander Straeten et al., Nature Biotechnology
0 пікір
Мұрағат