Экономика саласында Нобель сыйлығы мінез-құлық экономикасын зерттеушіге берілді
Экономика саласында Нобель сыйлығы мінез-құлық экономикасын зерттеушіге берілді
7 жыл бұрын 2961 7kun.kz indianexpress.com

2017 жылы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығына Чикаго университетінің профессоры Ричард Талер ие болды. Швеция банкі белгілеген сыйақы ғалымның мінез-құлық экономикасына қосқан үлесі үшін берілді.

Ричард Талер адамдардың экономикалық шешімдер қабылдаған кездегі тиімділіктің, әлеуметтік артықшылықтар мен өзін-өзі бақылаудың жетіспеушіліктерін зерттеген.

Америкалық ғалым бұған дейін 2005 жылы Самуэльсон сыйлығын алған. Қаржылық және экономикалық мінез-құлық теориясы бойынша ол Нобель сыйлығының лауреаты, экономист және психолог Даниэл Канеманмен бірге жұмыс істеген.

2017 жылы Нобель сыйлығы үшін 9 млн швед кроны (1 млн АҚШ доллары) беріледі.

Экономика саласында Нобель сыйлығын 2016 жылы Оливер Харт пен Бенгт Хольмстрем келісімшарт теорияларын зерттегені үшін алған.

Сыйлықты табыстау рәсімі Стокгольм мен Ослода швед өнертапқышы, химик Альфред Нобельдің (1833-1896) қайтыс болған күні, яғни 10 желтоқсанда өтеді.

0 пікір
Мұрағат