Дыбыстан жылдам ұшақ протоипі (видео)
Дыбыстан жылдам ұшақ протоипі (видео)
3 жыл бұрын 2164 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

НАСА агенттігі мен Lockheed Martin компаниясы X-59 (Low-Boom Flight Demonstrator) ұшағы туралы жаңа ақпаратты бөлісті. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Lockheed Martin компаниясының жаңа ролигінде X-59 ұшақтарының жетекші инженері Майкл Буонанно X-59 ұшағының екі маңызды сынақтан сәтті өткенін айтты. Атап айтқанда, отын жүйесін жобалауды тексеру және сынау. Сынақ ұшақтың «жұмыс істейтінін» және жүйе отын шығынын дәл өлшейтінін көрсетті. Сондай-ақ, тәжірибелік үлгі корпусының элементтері беріктік сынағынан кейін Техас штатының Форт-Уэрт қаласындағы Lockheed Martin полигонынан компанияның Палмдейлдегі (Калифорния) құрастыру алаңына қайтарылды. Ұшақ қазір алғашқы ұшу сынағына дайындалуда. X-59 ұшағының жасау тобының жетекші маманы Тони Делагарза ұшақтың қажетті «тыныш» деңгейлеріне жетудегі аэросерпімді моделдеу рөлін ерекше атап өтті. Осыдан 20-30 жыл бұрын оны жобалаудың өзі мүмкін болмағандығын алға тартып отыр мамандар. Дыбыстан жылдам X-59 ұшағының шуы «көліктің есігінің тарсылдаған дыбысына» ұқсас болады. Салыстыру үшін алсақ, Конкордтың дыбыстан жоғары тарсыл децибелінің мөлшері «терезелерді сындыруы» мүмкін», - делінген бейнеде. Егер бәрі ойдағыдай болса, X-59 осы жылдың соңында алғаш рет ұшады. Келесі жылы акустикалық сынақтан өтуі жоспарланып отыр. Осыдан кейін «NASA 2027 жылы Халықаралық азаматтық авиация ұйымы мен Федералдық авиация әкімшілігіне ашық ұшу нәтижелерін жариялауды жоспарлап отыр», - делінген ғарыш агенттігінің соңғы есебінде.

Ұқсас материалдар:

«Сутегімен жүретін гипердыбысты ұшақ сағатына 15 мың шақырым қашықтықпен қозғалады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sutegimen-juretin-giperdybysty-ushaq-sagatyna-15-myn-shaqyrym-qashyqtyqpen-qozgalady-video-16305/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат