Дыбыс жылдамдығымен ұшады десе де болатын, суға да қона алатын амфибия ұшақ (видео)
Дыбыс жылдамдығымен ұшады десе де болатын, суға да қона алатын амфибия ұшақ (видео)
3 жыл бұрын 3707 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Valkyrie Systems Aerospace  компаниясы реактивті қозғалтқышпен жұмыс істейтін әрі тігінен ұшып-қонуға арналған электрлі жүйемен жабдықталған ұшақ жобасын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы valkyrieuav.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Valkyrie Systems Aerospace компаниясы аталмыш жобасы негізінде HoverJet Guardian ұшағының авторлық концепциясын дамыту үшін зерттеу грантыне ие болды. Модел – қосымша басқарылатын, жоғары жылдамдықты, крейсерлі, амфибиялық реактивті ұшақ. Тігінен ұшып-қону жүйесі үшін төрт винті бар квадракопердің макетін пайдаланылған. Аталмыш жүйенің арқасында ұшақ жерден шапшаң көтеріледі, содан соң содан кейін Pratt & Whitney 545c турбо желдеткіш қозғалтқыштарының жұбы іске қосылады. Нәтижесінде жалпы көлденеңінен болатын тартылыс 3700 келіні құрайды. Нәтижесінде крейсерлік жылдамдығы сағатына 547 шақырымға жетпек, ал барынша жылдамдығы – сағатына 1127 шақырым. Бұл – дыбыс жылдамдығына жуық жылдамдық. HoverJet Guardian ұшағының 12 192 метр биіктікте өз бетінше (автономды) болу уақыты – 15 сағат. Модел көлемі - 7,3×9,1×1,8 м, ал салмағы — 1 905 келі. Десе де 5443 келі салмаққа дейін өзін алып жүре (ұша)  алады. Бір ерекшелігі және артықшылығы – ол суға қона алады әрі үш режимде жұмыс істей алады: ұшақ, кеме және амфибия ретінде. Кез келген жерге (ойлы-қырлы) қона алады.

Ұқсас материалдар:

«Сутегімен жүретін гипердыбысты ұшақ сағатына 15 мың шақырым қашықтықпен қозғалады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sutegimen-juretin-giperdybysty-ushaq-sagatyna-15-myn-shaqyrym-qashyqtyqpen-qozgalady-video-16305/#gsc.tab=0);

«Оқ тәрізді ұшақ лайнерге қарағанда отынды 80%-ға үнемдейді» (https://www.islam.kz/kk/news/gylym/oq-tarizdi-ushaq-lainerge-qaraganda-otyndy-80-ga-unemdeidi-video-16069/);

«Электрмен ұшатын африкалық ұшақтың артықшылығы» (https://islam.kz/kk/news/gylym/elektrmen-ushatyn-afrikalyq-ushaqtyn-artyqshylygy-video-16162/#gsc.tab=0);

«Қанатына жолаушылар мінетін ұшақ» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qanatyna-jolaushylar-minetin-ushaq-video-11957/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі ең алып ұшақ сынақтан сәтті өтті» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alemdegi-en-alyp-ushaq-synaqtan-satti-otti-video-9392/#gsc.tab=0);

«Күн батареясымен жұмыс істейтін ұшақ алғаш рет төрткүл дүниені шарлап шықпақ» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/kun-batareyasymen-jumys-isteitin-ushaq-algash-ret-tortkul-dunieni-sharlap-shyqpaq-foto-1806/#gsc.tab=0);

«Апат болған жағдайда жолаушыларды аман алып қалатын ұшақ құрастырылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/apat-bolgan-jagdaida-jolaushylardy-aman-alyp-qalatyn-ushaq-qurastyryldy-4129/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат