Дронды қағып түсіретін дрон (видео)
|
Ресей федералды қызметіне интеллектуалдық меншік бойынша берілген патентте жаңа ұшқышсыз ұшатын аппараттың схемасы көрсетілген. Бұл құрылғының планерінде уатқыш орнталған. Тосқауылшы аппараттың ұшқанда, яғни, көкке көтерілгенде және қонғанда тіреуіш болатын құйрығы бар. Ол аппараттың тікесінен көкке көтерілуіне әрі қонуына және көлденеңінен, яғни, қиялап ұшуына мүмкіндік береді. Бұл жайында mixednews.ru ақпарат көзі хабар таратты. Төмендегі таспаға тартылып алынған көріністен оның әскери маневр жасай отырып, дронды қалай қағып түсіретінін көре аласыздар. Ресей қарулы күштері мұндай аппаратты Сириядағы Хмеймим авиабазасына бірнеше шабуыл жасалған соң сынақтан өткізді. Содырлар Идлиб қаласынан қолдан өздері құрастырған дронмен Тартус айлағындағы ресейлік әскери теңіз флотының обьектілеріне шабуылдай отырып, қоршауда бұзып-жарып өтпек болған кезде шабуылдаған еді. Сол кезде, яғни, 2018 жылы лаңкестер дронды әскери мақсатта алғаш рет жаппай қолданған болатын. 50 шақырым қашықтықтан, GPS спутниктік навигациялық жүйені пайдалана отырып. Сөз орайы келгенде айта кету керек, шағын ұшқышсыз ұшатын аппараттар осы заман5ы майдан даласында адам шығынына жол бермейтін, ұрыс жүргізу тактикасын аз уақыттың ішінде өзгертуге мүмкіндік беретін қауіпті қарулардың біріне айналған. Біз сөз етіп аппарат осындай қатердің бетін қайтару үшін құрастырылып о