Дронды мәңгі жерге қондырмайтын әдіс табылды
Дронды мәңгі жерге қондырмайтын әдіс табылды
2 жыл бұрын 1715 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай инженерлері ұшқышсыз ұшақтарды әуеде болған кезде қалай зарядтау керектігін ойлап тапты. Осылайша ұшқышсық ұшатын аппараттың жерге қонуға қажеттілігі болмайды. Бұл жайында islam.kz порталы The South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдағы Солтүстік-Батыс Политехникалық университетінің (NPU) зерттеу тобы ұшқышсыз ұшақтарды «мәңгі» әуеде ұстау үшін жоғары энергиялы лазер сәулелерін пайдалану әдісін әзірледі. Жоғары қуатты лазерлік жүйелер көбінесе дронға қарсы технологиямен байланысты болса да профессор Ли Сиуелонг және оның NPU-дағы әріптестері дрондарды атып түсірудің орнына оларды әуеде зарядтау арқылы оларды жерге қондырмайтын  технологиямен айналысты. Зерттеушілер тобы дронды жарық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін немесе айналдыратын модулмен жабдықтады. Нәтижесінде жоғары энергиялы лазер сәулесін қашықтан зарядтау үшін дронға бағыттауға болады. Ғалымдар, сонымен қатар, лазер сәулесінің жолында кедергі пайда болған жағдайда оның қарқындылығын автоматты түрде реттейтін қорғаныс алгоритмін қоса әзірледі.

Дрон

0 пікір
Мұрағат