Донорлық өкпені алғаш рет науқасқа роботтың көмегімен салды (видео)
Донорлық өкпені алғаш рет науқасқа роботтың көмегімен салды (видео)
2 жыл бұрын 903 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Барселона қаласында испан дәрігерлері әлемде тұңғыш рет донорлық өкпені осы ағзаға мұқтаж науқасқа роботтың көмегімен салды. Осы заманы озық технологияға негізделген өзгеше ота немесе  мүлдем тың әдіс әдеттегі трансплантациялау опреацияларына қарағанда әлдеқайда қауіпсіз болған әрі жанға бататын ауырсынуды тудырмаған. Бұл жайында islam.kz порталы elnacional.cat ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пациенттің организіміндегі барлық әрекетті робот диафрагманың үстіндегі сегіз сантиметрлік кесу арқылы орындаған. Хирургтер әдеттегіше пышаққа түскен науқастың кеудесін тіліп, қабырғаларын керіп әуреге түскен жоқ. Бір қызығы, ота кезінде пациент ауырсынуды сезбеген. Бұған қоса, отадан кейін науқастың сауығып қалпына келу процесі әдеттегіден тез жүріп жатыр, яғни, пациент тез сауығып келеді.

0 пікір
Мұрағат