Діңгекті жасушалардан адамның алғашқы жасанды ұрығы жасалды
Діңгекті жасушалардан адамның алғашқы жасанды ұрығы жасалды
2 жыл бұрын 1080 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биологтер адамның діңгекті жасушаларынан эмбрионға ұқсас жаснды құрылым жасағанын жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көөзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ пен Ұлыбритания ғалымдары сперматозоидтар мен ұрықты пайдаланбай адамның діңгекті жасушаларынан жасалған алғашқы эмбрионды құрылымның дамудың бастапқы кезеңінде тұрғанын хабарлады. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі Бостондағы діңгекті жасушаларды зерделейтін халықаралық қоғамының жыл сайынғы отырысында ұсынылды. Бұл тараптағы зерттеу тетігі тәжірибедегі тышқандардың діңгекті жасушаларынан жасанды эмбриондарды өсіруге мүмкіндік берген бұрынғы жаңалықтарға негізделген. Дәлірегі, зерттеушілер ұқсас әдісті қолданған: адамның жекелеген эмбриондық діңгекті жасушаларына әсер ету арқылы үш бөлек ұрық қабатын (сарыуыз қапшығы, плацента және эмбрионның өзі дамитын жасушалар) қалыптастырған екен. Ғалымдар зертханада жасалған құрылымдардың табиғи эмбрионның кейбір ерекшеліктеріне ұқсағанымен оның барлық қасиетін қайталай алмайтынын, яғни, адамның пайда болуына сай келетін эмбрион емес екенін алға тартып отыр. Мұндай үлгі эмбриондар адам дамуының ең жұмбақ кезеңі туралы көбірек білуге ​​көмектеседі, деп санайды зерттеушілер. Дәлірегі, ұрықтанғаннан кейінгі алғашқы 14 күнде болатын процестер туралы маңызды ақпараттарға ие болуға ықпал етпек.

0 пікір
Мұрағат