Дербес микророботтар үшін «ми» жасалды (фото+видео)
|
Ғалымдар өздерінің «миы» бар, көлемі 250 микроннан аспайтын автономды роботтарды жасады. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Инженерлер күн энергиясымен жұмыс істейтін, көлемі 100-ден 250 микронға дейінгі роботтарға ми орнатты. Бұл инновация бактерияларды қадағалай алатын, арнайы химиялық заттарды таба алатын, ластаушы заттарды жоя алатын, микрохирургия жүргізетін және қан тамырларын бүртіктерден тазартатын құрылғылардың жаңа буынының негізін қалайды. Соңғы жылдары ғалымдар көптеген микророботтарды жасады, алайда, олардың қозғалысы үшін электр энергиясы, магнит өрісі немесе лазер секілді сыртқы құрылғыларды қажет етті. Жаңа құрылғы автономды түрде жұмыс істей алатын алғашқы құрылғы болып табылады. Жаңа роботтардың «миы» мың транзистордан, сондай-ақ, диодтар, резисторлар мен конденсаторлар массивінен тұратын қосымша металл-оксидті-жартылай өткізгіш (CMOS) құрылымы болып табылады. Біріктірілген CMOS схемасы роботтың жүрісін анықтайтын шаршы толқындар сериясын жасайтын сигнал тудырады. Роботтың аяқтары платина негізіндегі жетектер. Схемалар мен аяқтардың екеуі де фотоэлектрлік элементтерден қуат алады. Бұл тараптағы тәжірибелер сәтті өткен. Сонымен қатар, жаңа роботтар CMOS электроникасы орнатылған макророботтардан шамамен 10 мың есе кіші және 10 секундына микрон жылдамдықпен қозғала алады.
Роботтың көлемі мен құрылымы. Кескін: Michael F. Reynolds, Science Robotics