Денсаулық: Профессор Мақсұт Нәрікбаев қатерлі ісіктен сауығудың бірегей тәсілін ұсынды
Денсаулық: Профессор Мақсұт Нәрікбаев қатерлі ісіктен сауығудың бірегей тәсілін ұсынды
10 жыл бұрын 4953

BAG.KZ ақпарат көзінің хабарлауынша, Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры Мақсұт Нәрікбаев қазақстандықтарға қатерлі ісік ауруынан сауығып кетудің альтернативті терапиясын ұсынды. Аталған тәсіл арқылы ауруынан құлан-таза айыққан профессор онкоауруды емдеудің бірегей әдісінің авторы "Оазис Надежды" клиникасының президенті, онколог Контрерас Франциско екендігін айтады.

«Өткен жылы жұмысқа келу-кету, қоғамдық қызметке араласу сынды физикалық шаршаудан иммунитетім нашарлады. Ай бойы тамағым ауырды. Анализ нәтижесінде белгілі болғандай иммундық жүйемнің әлсіреуі шегіне жетіп, ағзамда рак клеткалары анықталды» деп бастады ол өз әңгімесін.

Алайда ол өзінің қатерлі ісікке шалдыққанын еске алмастан үнемі спортпен айналысып, су шаңғысы спорты мен парашютпен секіру сынды белсенді қозғалысты әдетке айналдырады.

«Диагнозды ести салғанда алғаш басыма келгені, қанша жылғы өмірім қалды екен деген сұрақ болды. Диагноз анықталғаннан соң ұлымыз екеуіміз Оңтүстік Кореяға барып, дәстүрлі методикалық ем қабылдадық, алайда алғашқы химтерапиядан кейін-ақ ем қабылдаудан бас тарттым» дейді проффесор.

Профессордың үлкен қызы да онкоаурудан сауығу жолын ізденіп жүріп, дәрігер Контрерастың клиникасының ракқа қарсы терапиясы жайлы біледі.

«Осылайша альтернативті терапияны таңдай отырып, дереу клиникаға ұшып бардық. 30 наурыз күні ол жақта 75 жасқа толғанда осы күнге жететініме күмән басым болатын. Ал қазір жұмыс істеп қана қоймай, спортпен де айналысуды тоқтатқан жоқпын. Аталған терапияның емі иммундық жүйені көтеруге және қалыпты деңгейде ұстап тұруға көмектеседі» деді "КазГЮУ" басшысы.

Әлемде ракпен күресте химиотерапия, радиотерапия және хирургиялық тәсілдері қолданылып келеді. Аталған альтернативті терапияны ресми түрде мемлекеттік деңгейде қабылданған жоқ.

Қатерлі ісіктен құлан-таза айыққан профессор Мақұсұт Нәрікбаевтың сөзінше, бұл методикада басымдылық арнайы диетаға беріледі. Науқастың қорегінің 70-80 пайызы жеміс-жидек пен көкеніс болады. Сондай-ақ пациент кем дегенде 2-3 сағат таза ауада серуендеуі міндеттелген. Альтернативті терапия дәстүрлі ракпен күресуден бөлектенбейді, керісінше барлық тәсілдердің нәтижелі іске асуына септесетіндігін айтады.

Елімізде жыл сайын 17 мың қазақстандық қатерлі ісік ауруынан қайтыс болады. «Оазис Надежды» клиникасының перзиденті , онколог Контерас Франциско клиника құрылған 1963 жылдан бері 100 мыңдаған науқас өмірін сақтап қалған. Оның онкология ауруларын емдеудің бірегей әдістері туралы еңбегін қазақстандықтар үшін Мақсұт Нәрікбаев «Как победить Рак» кітабын орысшаға тәржімалап, қазақстандықтарға ұсынып отыр. Сонымен бірге профессор «Үміт сәулесі» қайырымдылық қорын құұру идеясын ұсынды. Қор Қазақстандағы онкология мәселесін шешуг өз үлесін қосады дейді профессор.

 

Оқушы обырға қарсы дәрі жасауда

Астана. Islam.kz – Петропавловск қаласындағы мектеп оқушысы, яғни, оныншы сынып оқушысы Максим Сухов қайың қабығынан алынған заттың негізінде обырға қарсы дәрі жасауда. Оны бетулин кристалды органикалық зат қызықтырған. Оны онкологиялық ауруларды емдеуде қолдануға болатынын Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымынан естіп білген мектеп оқушысы, міне, үшінші жылдың жүзі болды, осы жобамен айналысып жатыр. «Мәселен, бетулинге сол азотты неге енгібеске деп ойладым. Талай жетістікке жетер едік. Ұлтабардың, өкпенің обырын емдеп жазатын, сондай-ақ, стафилококкомен және шірітуші таяқшамен күресетін, жасушаны қалпына келтіретін қасиеттерге ие биологиялық белсенді қоспалардың төртеуін алдым»,- деді ол үнінен мақтаныш лебі есіп. Оның айтуынша, бетулин антисептикалық өзгешелікке ие, ал одан алынған бетулиндік қышқыл обырды емдеп жазады. «Мұның бәрі әзірге компьютердегі бағдарламамен зерттелген, десе де, болашақта бәрі мұқият зерделеніп, жануарларға қолданылып, тексерілетін болады және обырды емдеуге қызмет етеді. Аталай адамды аурудан айықтырғым келеді. Меніңше, обыр ең қорқынышты дерттердің бірі, одан кейінгі орынға некрозды қояр едім»,- деді ол сөзін сабақтап. Сөз реті келгенде айта кетейік, Максим Сухов елімізде, Ресейде, Үндістанда өткен бірнеше олимпиаданың жеңімпазы. Жуырда ол АҚШ-тағы байқауға шақырту алды. Онда жүлделі орынға 75 мың доллар тігіліп отыр. «Егер бұл ақшаны ұтып алсам, оны бетулин негізінде обырға қарсы белсенді қоспаларды алуға жұмсар едім»,- деді ол.

 

Сүйектің ұқсасы жасалды

Астана. Islam.kz – Ғалымдар адам сүйегін қалпына келтіруде көп көмектесетін затты ойлап тапты. Бұл өзгеше материал уақыт өте келе адам сүйегімен сүйек болып, бірігіп кетеді. Жасанды сүйек өндірісі Санкт-Петербор қаласында қолға алынады. Бұл жайында russianweek.ru ақпарат көзі хабар таратты. Аталмыш жаңалық кездейсоқ ашылған. Аурудың тез сауығып кетуіне ықпал ететін титан протезды қаптайтын зат бойынша жұмыс істеген. Содан кейін ғалымдар құрамында темірі жоқ, алайда, мықтылығы титаннан кем соқпайтын материал жасауға бел буған. Бір қызығы, осынау заттың сүйек жасушасына айналғанына куә болады. Яғни, барлық өлшемдер бойынша дені сау адамның сүйек жасушасына сай келгеніне көздерін жеткізген.

 

Күйзеліс буын ауруларына әкеліп соғады

Baq.kz ақпарат көзінің Еуропа ғалымдарына сілтеме жасай отырып, таратқан хабарына қарағанда, күйзеліске ұшыраған адамда артрит пен артроз сынды буын аурулары жиі кездеседі екен. Frontiers in Public Health ғылыми журналында жарияланған мақалада мамандар күйзелістен келетін аурулар жайында кең көлемде мәлімет таратып отыр.

Ғалымдар зерттеу жұмыстарын медицинасы аса жоғары дамыған Швейцария елінде жүргізді. Оған жасы 15-тен асқан 14 348 адам қатысқан. Жалпы, ғалымдардың Швейцарияны таңдауы бекер емес. Өйткені, бұл елде жыл сайын 400 мыңнан астам адам күйзеліске ұшырайды екен. Ал, әлем бойынша бұл көрсеткіш 350 миллионды құрап отыр.

Осынау зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, күйзелістің салдары буын ауруларына, атап айтқанда артроз бен артритке алып келеді екен. Оның себебі мынада: әдетте күйзеліске спортпен шұғылданбайтын, қимыл-қозғалысы аз адамдар ұшырайды. Ал, олардың буындары бірінші болып ауруға шалдығатыны айтпаса да түсінікті.

Артрит - көп жағдайда мүгедектікке әкеліп соғатын, әртүрлі ревматикалық аурумен анықталатын созылмалы қабыну, ал артроз - жеңіл жарақат алғаннан, физикалық жүктеме көп түскеннен және суық тигеннен пайда болатын ауру түрі.
Мамандардың айтуынша, бұл аурулардың алдын алу үшін тамақтану тәртібін дұрыс сақтап, салауатты өмір салтын ұстану керек, суық тиюден және жарақатқа әкеліп соғатын ауыр жұмыстардан сақтану керек екендігін айтты.

 

Күніне бір сағаттан артық құлаққаппен ән тыңдаған адам саңырау болады

Bag.kz – Жастарымыз қазіргі таңда смартфонға телміріп, құлаққаппен ән тыңдауды сәнге айналдырған. Мамандардың айтуынша, құлаққапты күніне 1 сағаттан артық тағып ән тыңдаған адам түбінде саңырау болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлемде 1,1 миллиард жас азамат уақытының көп бөлігін құлаққаппен ән тыңдап өткізеді екен. Сол себептен, Жер бетіндегі 12-35 жас аралығындағы адамдардың басым бөлігінің есту қабілетінде ақау бар. Қазірдің өзінде осы жас аралығындағы 43 миллион адам саңырау дейді мамандар. Олардың 40 пайызы түнгі клубтарда уақытын өткізіп, құлаққапты серік еткендер. Ал, америкалық жасөспірімдер арасында кереңдікке шалдыққандар саны соңғы жылы 5,3 пайызға артқан.

ДСҰ жұқпалы емес аурулар басқармасының директоры, доктор Этьен Кругтың айтуынша, құлаққаптың зиянды екенін адамдардың басым көпшілігі біледі. Ол кереңдікке алып келетін бірден-бір құрал. Осыны біле тұра жастар арасында құлаққапқа деген сұраныс аса жоғары. Жоғары дыбысты әуен адамды саңырау қылып қана қоймай, жүйке аурударына да алып келеді дейді Этьен Круг.

Осы орайда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары көп сапарлайтын, әуеде көп ұшатын адамдарға құлаққаптың арнайы түрін пайдалануға кеңес береді. Сондай-ақ, музыка тыңдау кезінде арасында үзіліс жасап, концерт кезінде акустикалық колонкалардан алшақ отыру керектігін де айтады.

 

Теледидар адам денсаулығы үшін өте қауіпті

Медицина мамандары теледидар адам денсаулығы үшін өте қауіпті деп дабыл қағуда. Теледидар алдында өткізген әрбір сағат оның көзге келтірер зиянын айтпағанда, сусамыр дертіне шалдықтыру қатерін 3,4 пайызға арттыратынын ала тартып отыр. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.

Белгілі болғандай, аз қозғалу адамның салмағын арттырып, диабетке шалдығу қаупін жоғарылатады. Мамандар зерттеуге артық салмағы бар 234 адамды қатыстырған.

Адамдарды үш топқа бөледі: бірінші топқа метформин (қант деңгейін төмендететін препарат), екінші топ физикалық белсенділік деңгейін жоғарылатты, үшінші топқа плацебо берді.

Зерттеудің басынан бастап еріктілер күніне 140 минуттан теледидар көрді, сонымен бірге 400 минут жұмыста отырды. Белгілі болғандай, теледидар алдында отырған әр сағат олардың диабетке шалдығу қаупін 3,4 пайызға ұлғайтқан.

Бұдан бұрын да айтылғандай, күн сайын теледидар алдында өткізген 6 сағат адам өмірінің 5 жылын қысқартады екен. Орта есеппен алсақ, адам уақытының 90 пайызын отырумен өткізеді екен.

 

Ата-анасының ажырасуы баланың денсаулыға кері әсер етеді

АҚШ-тағы Аллергия, демікпе және иммунология колледжінің ғалымдары бірнеше ай бойы 17 жасқа дейінгі 92 мың балаға арнайы зерттеу жұмысын жүргізген.

Ғалымдар балада демікпенің пайда болуы ата-анасының өзара қарым-қатынасына тікелей байланысты екені анықтаған. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі The Daily Mail медициналық сайтына сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Нақтырақ айтқанда, ерлі-зайыптының ажырасуы, отбасы мүшелерінде алкоголь, темекі, есірткімен байланысты проблемалардың болуы және отбасылық зорлы-қомбылық, қорлау, т.б. көңілге кірбің түсіретін кикілжіңдер балада демікпе ауруының пайда болуына апарсып соқтырады.

Сондай-ақ, мамандардың пайымдауынша, отбасы мүшелерінің арасында туысқандарының бірінің түрмеге түсуі де, психикалық ауытқу болуы да баланың көңіліне қаяу түсіреді. Осындай фактордың біреуінің өзі баланың демікпе ауруына шалдығу қаупін 28 пайызға арттырады. Мұндай факторлар неғұрлым көбейген сайын демікпе дертіне шалдықтыру қаупін екі есе арттырады екен.

Зерттеуге қатысқан балалардың арасында 31 пайызы кем дегенде отбасында жоғарыда аталған факторлардың кем дегенде біреуіне тап болған. Ең кең тарағандарының арасында ата-аналардың ажырасуы. 5 және одан да көп факторларға жолыққан балалардың 25 пайызды құрайды.

 

Жапонияда 100 жастағы әже 1500 метрді жүзіп өтті

Миэко Нагаока есімді жапониялыққарт әже 1500 метрді жүзіп өтті.

Осы “ерлігімен” ол жүзден асқан шағында жүзуден рекорд орнатқан жер шарының тұңғыш адамы атанды.

Бұл қашықтықты Нагаока 1 сағат 16 минутта жүзіп өткен. “105 жасқа толғанға дейін жүзгім келеді”, – деді Нагаока.

100 жастағы спортшының бұл жетістігі Гиннесстің рекордтар кітабына енеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлады “Р-Спорт”.

Нагаока – “Мен 100 жастамын және мен әлемдегі үздік жүзушімін” кітабының авторы.

0 пікір
Мұрағат