Дәрігерлердің сусамыр дертіне қатысты диагноз қоюдағы ең басты қателігі анықталды
Дәрігерлердің сусамыр дертіне қатысты диагноз қоюдағы ең басты қателігі анықталды
7 жыл бұрын 5050 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Дәрігерлердің дені бірінші типті диабетті «балаларға тән дерт» ретінде қарастырып, осындай қателікке жол беріп жатады. Бұл жайында Lancet Diabetes & Endocrinology мерзімді басылымы хабар таратты.  Дәрігерлерге арналған нұсқаулықта бұл ауру түрі осылайша жіктеледі. Аталмыш зерттеуге қатысқан авторлардың бірі, Ұлыбританиядағы Экзетера университетінің докторы Ричард Орам осындай пікір білдірді. Сусамыр симптомын ересек адамнан байқаған дәрігер оны екінші типке жатқызып жатады. Ғалымдар мұның қате екенін, бұл қателіктің соңы жақсылыққа апрамайтынын айтып отыр. «Таңғаларлығы, бірінші типті диабетпен ауыратындардың жартысына жуығы ересек кезінде ұрынады бұл кеселге және 40%-дан көбісі отыз жасынан кейін. Балалар мен ересектер бір жиілікте ауырады, алайда, кейбір жағдайларда бірінші тип екінші типті науқастардың көбісінде «жасырынып» жатады»,- деді ричард Орам. Молекулярлық медицина профессоры Эндрю Хаттерслеяның сөзіне қарағанда, бірінші типті диабетті орта және егде жастағылардың бойынан байқау қиын. Сонымен қатар, диагноздың қойылуына қарай емдеу курсы жүргізілетінін жеткізді. Егер бірінші типте қан құрамындағы қант деңгейі инсулинмен бақыланатын болса, екінші жағдайда инсулин адам ағзасында болады және тек диета сақтап, дәрі-дәрмекпен емтеуге болатынын тілге тиек етті. Бұған қоса, диагноз қоюдағы қателік диабет кетоациодозға ұрындырады – бірінші типті диабетик инсулиннің жетіспеушілігінен өліп кетуі әбден мүмкін екенін де ескертті.

0 пікір
Мұрағат