Дәрі жеткізетін контактілі линза жасалды
Дәрі жеткізетін контактілі линза жасалды
3 жыл бұрын 2083 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлемде әзірге жалғыз контактілі линза жасалды ауру ағзаға дәрі жеткізетін. Оны АҚШ-та пайдалануға FDA тарапынан рұқсат етілді. Бұл жайында islam.kz порталы jjvision.com дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш контактілі линзаны әлемге әйгілі Johnson & Johnson компаниясы аллергиядан көзді емдеу үшін жасап шығарды. Әдетте, осы уақытқа дейін аллергиялық қозудан көз қышыса, сұйық дәрі тамызып кетіретін. Бұл тәсіл көздің аллергиядан қышуын қолайлы жолмен емдеуге мүмкіндік бермек. Көп ұзамай контактілі линзаны көру қабілетін түзету үшін ғана емес, сонымен қатар, дәрі жеткізу үшін де пайдаланатын болады. Маңызды қадамы – АҚШ-тың тағам өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасын қадағалайтын басқарма (FDA) тарапынан мақұлдануы болып отыр. Бұл факт аталған тәсілдің емдік тиімділігінің жоғары екендігінен хабар береді. Acuvue Theravision деп аталатын линза құрамында антигистаминді кетотифеннің 19 мкг-сы (аллергияға қарсы дәрі) кездеседі. Ол линзадан бөлініп, бірнеше минут ішінде өз әсерін тигізеді. Линза аталмыш дәріні 12 сағатқа дейін бөле алады. Acuvue Theravision линзасын бір тәулік қана пайдалануға болады. Линза өз тиімділігі мен қауіпсіздігін клиникалық сынақ кезінде көрсетті.

0 пікір
Мұрағат