Cуық климаттың адам ғұмырын ұзартатыны белгілі болды
Cуық климаттың адам ғұмырын ұзартатыны белгілі болды
2 жыл бұрын 1154 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, салқын ауа райы, дәлірегі, сәл төмен температура адам ғұмырын ұзартады әрі жас ұлғая келе жабысатын түрлі кеселге шалдығу қатерін азайтады. Бұл жайында islam.kz порталы studyfinds.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдарға енді белгілі болып отырған бұл құбылыстың сыры суықтың ақуыздардың бір-біріне жабысуына жол бермейтіндігінде жатыр. Бұл бағыттағы тұжырым омыртқасыз организмді және өсірілген адам жасушаларын зерттеу негізінде жасалды. Оларда амиотрофиялық бүйірлік склероз (ALS) және зиянды ақуыз шөгінділерінің жинақталуымен сипатталатын Хантингтон ауруының гендері болатын. Екі модел де суықтың әсеріне ұшыраған кезде төмен температура жасушалардан зақымдалған ақуыздарды жойып, ақуыздың одан ары жиналуын тоқтатты. «Бұл нәтижелер эволюция барысында суықтың қартаюға және онымен байланысты ауруларға әсері терапевтік процедурадан кем түспейтін протеазомдық реттеуге ықпалын қалай сақтағанын көрсетеді», - деді аталмыш зерттеуге атсалысқан Дэвид Вилчес. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесін Альцгеймер, Паркинсон, Хантингтон және ALS сияқты ақуыз агрегациясымен байланысты ауруларды емдеу және алдын алу үшін қолдануға болады. 

0 пікір
Мұрағат