Cусамырдың алғашқы биомаркері аталды. Сусамырдың ешкім мән бермейтін елеусіз белгісі айтылды
Cусамырдың алғашқы биомаркері аталды. Сусамырдың ешкім мән бермейтін елеусіз белгісі айтылды
2 жыл бұрын 1518 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Халырақалық ғалымдар тобы қан құрамынан фоллистатиннің (ақуыз) бар-жоғын анықтау арқылы сусамырдың дамуын болжауға болатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша ауру басталмай тұрып ерте бастан екінші типті қант диабетіне шалдығу қатерін анықтауға болады. Бұл тарапта тілікті мамандар 19 жыл бойы Финляндия мен Швециядағы 5,3 мыңнан аса пациенттің денсаулығын қадағалап, зерделеген екен. Нәтижесінде қан құрамында фоллистатин ақуызының мөлшері тым көп болса, аталған аурудың пайда болатынын болжауға болатынын алға тартып отыр – дене салмағының индексі, қан құрамындағы глюкозаның деңгейі, диета, дене белсенділігі, адамның жасы секілді факторларға қарамайды. Яғни, аталған факторлар аталмыш аурудың пайда болуына ықпал ететін факторлар саналады, десе де бұл факторлардың бар-жоғына қарамастан фооллистатин ақуызы – сусамырдың алғашқы биомаркері ретінде алға шығады. Лунд университетінің докторы Йан де Маринис түсіндіргендей, фоллистатин май тіндеріндегі майлардың ыдырауына ықпал етіп, осылайша бауырда липидтердің жиналуына апарып соқтырады. Бұл жайт өз кезегінде бауырды май басу ауруының пайда болу қатерін арттырады.

Сусамырдың ешкім мән бермейтін елеусіз белгісі айтылды

Ауыздың құрғауы сусамыр дертінен зардап шегетін науқастардың денсулығын одан ары нашарлатуы мүмкін – ксеростомияның кесірінен қызылиек ауырып, ауыз қуысын түрлі инфекция  жайлауы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ксеростомия термині ауызда сілекейдің болмауын сипаттайды. Мұндай жағдай сусамырдан зардап шегетін науқстарды жиі байқалады: қан және сілекей құрамында глюкоза мөлшерінің көп болуына байланысты дәрі-дәрмекке төзімді, яғни, ем-домға көне бермейтін саңырауқұлақ инфекциясының таралу қатері артады. Ауыз қуысының құрғаудан емдеудің бірнеше тәсілі бар. Солардың бірі – қан құрамындағы қанттың деңгейін көтермеудің жолдарын қарастыру әрі денедегі ылғалдың кемуіне жол бермеу. Сусамырмен ауыратын науқастың ауыз қуысы ұзаұ уақыт бойы құрғап жүрсе, қызылиек қанап, түрлі инфекциялық аурулар жайлауы мүмкін. Сусамырдың келесі симптомына тістің қанауы, ауыз қуысының ауыруы, ауызда жараның пайда болуы, шайнау, жұтыну немесе сөйлеу кезіндегі қиындық жатады.

0 пікір
Мұрағат