Cуды тазартудың магниттік технологиясы пайда болды (видео)
Cуды тазартудың магниттік технологиясы пайда болды (видео)
1 жыл бұрын 1054 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар суды тазартуға арналған темір оксидінің нанобөлшектерін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Ақылды тат» түрлі ластаушы заттарды, соның ішінде мұнайды, пластиктің ұсақ бөлшектерін, тіпті, гормондарды аулайды. Нанобөлшектер магнитті келеді және магнит арқылы ластаушы заттармен бірге судан оңай алып тастауға болады. Аталмыш технологияның негізі ретінде зерттеушілер суперпарамагниттік түрдегі темір оксидінің нанобөлшектерін пайдаланады. Олар магниттерге тартылғанымен бір-біріне тартылмайды. Оларды «ақылды» ету үшін зерттеушілер нанометрлік шарларды фосфон қышқылының молекулаларымен қаптады. Бір ұшында мұндай молекулалар нанобөлшектерге бекітіледі, ал екіншісі түрлі ластаушы заттарға сезімталдық танытуы үшін қолдан реттелуі мүмкін. Мәселен, судағы тіршілікке зиянды эстроген гормонының іздерін аулау үшін бөлшектерді қолдан реттейді. Бұл гормондар адам мен жануарлардан бөлініп, ағынды суларға түседі, тіпті, аз мөлшерде болса да кейбір өсімдіктер мен жануарлардың зат алмасуына және көбеюіне әсер етеді. Эстроген молекулалары көлемді стероидты денесі мен шамалы теріс заряды бар бөліктерден тұрады. Оларды суда ұстау үшін зерттеушілер темір оксидінің нанобөлшектерін екі түрлі химиялық қосылыстармен қаптады: ұзын молекулалар және оң зарядты. Олар бір-біріне қосылған соң гормондарды аулап, ұстап қалатын нанобөлшекті «қалтаны» қалыптастырады. Бұл технология арзан әрі тиімді.

0 пікір
Мұрағат