CRISPR/Cas9 технологиямен емдеудің басты қатері айтылды
CRISPR/Cas9 технологиямен емдеудің басты қатері айтылды
2 жыл бұрын 2813 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Кейінгі кезде дауасы жоқ түрлі дертті, соның ішінде тұқым қуалайтын ауруларды емдеуде кеңінен қолданыла бастаған CRISPR/Cas9 ген редакциялау технологиясының күмән тудыратын тұстары айтыла бастады. Соның ішінде геномның тұрақтылығына қауіп төндіретіні белгілі болып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Барселона медициналық зерттеулер институтының ғалымдары CRISPR генін өңдеу жасушалық уыттылыққа және геномның тұрақсыздығына әкелуі мүмкін екенін хабарлады. Мұның бәрі адам геномының аймағына байланысты орын алатын қатерлер. Бұл қатер негізгі ісік супрессоры p53 протеиніне (ақуызына) байланысты, сонымен қатар, өңдеу нүктесіне жақын ДНҚ тізбегі мен қоршаған аймақтағы әртүрлі эпигенетикалық факторлармен де анықталады. CRISPR/Cas9 - 2020 жылы химия саласы бойынша Нобел сыйлығымен марапатталған генді өңдеудің дәл әдісі. Әдетте «генетикалық қайшы» деп аталатын CRISPR қажетті ДНҚ тізбегін геномның кез келген жеріне енгізуге мүмкіндік береді, осылайша генді түрлендіреді немесе белсендіреді. Бұл әдіс биомедициналық зерттеулерде кеңінен қолданылады және кейбір CRISPR негізіндегі терапиялар адам қанының бұзылуына, кейбір қатерлі ісік ауруларына және АИТВ-ға клиникалық сынақтан өтуде. Енді есептеу әдістерін қолдана отырып, Genome Data Science Lab зерттеушілері адам жасушаларына арналған ең танымал CRISPR кітапханасын талдады. Олар күшті уытты әсерлерді көрсететін 3300 нақты нүктені тапты. Бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізіп жатқан ғалымдардың мәлімдеуінше, адам гендерінің шамамен 15% кем дегенде бір уытты өңдеу нүктесін қамтиды. p53 ақуызы «генді сақтаушы» ретінде белгілі. Ол ДНҚ зақымдануын түзетеді және жасушалардың бөлінуін тоқтатады. Осындай «бағдарламаланған өлімді» тудыра отырып, аталған ақуыз ДНҚ-дағы «қателердің» көбеюіне және кеңеюіне жол бермейді. Сондықтан p53 ақуызы организмде қатерлі ісікке және ДНҚ зақымдалуымен байланысты басқа да асқынуларға қарсы табиғи қорғаныс тетігін қалыптастырады. CRISPR генін өңдеу немесе редакциялау технологиясы көбінесе ДНҚ тізбегін де кесуді ұғарады. Кейбір жағдайларда бұл манипуляция p53 реакциясын тудыруы мүмкін, онда өңделген ұяшықтарды зақымдалған деп «белгілеуге», содан кейін жоюға болады. Бұл процедура өз кезегінде генді өңдеу процесінің тиімділігін төмендетеді. Генді редакциялау технологиясы p53 ақуызының қызметіне кедергі тудырады, салдарынан жасушалар ДНҚ зақымдануын анықтау және/немесе бағдарламаланған өлім үшін жасушаларды белгілеу мүмкіндігін жоғалтуы мүмкін. Осылайша, генді өңдеу процедурасы тұрақсыз геномға ие жасуша популяциясына әкелуі мүмкін. Бұл олардың одан әрі мутацияларды жинақтауға бейім болатынын білдіреді, бұл жайт өз кезегінде қатерлі ісіктердің даму қаупін арттырады.

Ұқсас материалдар:

«CRISPR генді редакциялау тәсілімен емдеу қатерлі ісік қаупін тудырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/crispr-gendi-redaktsiyalau-tasilimen-emdeu-qaterli-isik-qaupin-tudyrady-17176/#gsc.tab=0);

«CRISPR көмегімен генді редакциялаудың қатері қандай» (https://islam.kz/kk/news/gylym/crispr-komegimen-gendi-redaktsiyalaudyn-qateri-qandai-17093/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат